Өлең, жыр, ақындар

Қара түндей қара адам

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 206
Екi кештiң арасында
Қара киiнген
Қара түндей қара адам
Көшенi бойлап
Сөйлеп бара жатты.
Дүниенi қарғап-сiлеп
«Үй» деп, «бүй» деп бара жатты.
Тiстерi
Тас шайнағандай
Шықыр-шықыр етедi.
Аяғының астындағы
Қара жер
(Ой, тоба-ай!)
Тозған едендей
Сықыр-сықыр етедi.
Көздерi –
Байғыздың көздерiндей
Шатынап
Бадырайып кеткен.
Самай тамырлары
Шiрiген жiптей
Көкпеңбек боп
Адырайып кеткен.
Күбiрлеп барып
Ағашты ұстап едi, –
Ағаш! –
Құбыжық келiп ұстағандай
Дiрiл қағып тұрды.
Жапырақ-шаштарынан
Өттей жап-жасыл
Iрiң ағып тұрды.
Көк төсiнде
Бiр жұлдыз
Көзiн ашты да
Сөндi.
Жанымның iшiнде
Бiр үмiт
Жылт еттi де
Өлдi.
Мысықтар бүкшиiп
Жүре алмай қалды.
Апайтөс иттер
Құйрығын бұтына қысып
Үре алмай қалды.
Көзге көрiнбейтiн әлдене
Дәл құлағымның түбiнде
Қайта-қайта уһлеп
Күрсiнiп кеттi.
Дүние бiр уыс боп
Жиырылып
Түршiгiп кеттi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің пәтерім

  • 0
  • 0

Көрiктi ғажап жерде емес
менiң пәтерiм.
Тар да емес, кең де емес,
менiң пәтерiм.

Толық

Көп жасаған қарт

  • 0
  • 0

Көп жасаған,
көптi көрген;
көп көрген,
бастан талай қияметтi өткерген.

Толық

Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары

  • 0
  • 0

Ой, Тәңiрi-ай!
Күнi кеше ғана
Таудың тас емшегiн иiтiп
Алтын шайып ағатын

Толық

Қарап көріңіз