Өлең, жыр, ақындар

Бір үміт, бір өкініш

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Саба-саба
Ақ бұлттар жатқан
Алатауға
Ұшқым келiп тұрғаны-ай
Сол ақ бұлттардың
Бауырына
Тұмсығымды тығып жiберiп
Зәмзам суларын
Iшкiм келiп тұрғаны-ай.
Қампиған
Қарындарын жарып
Қақ тiлiп iшсем ғой;
Шөлiм қанбай қалардай
Шашалып-қақалып,
Аптығып iшсем ғой.
Iшiп-iшiп –
Жаным мен көңiлiмдi! –
Көл қылып тастасам.
Менiң жаным
Туғаннан өрт қой,
Сол өрттi
Бұлттардың суымен
Сөндiрiп тастасам.
... Бiрақ мен бәрi бiр
Ұша алмай өтем ғой.
Таудағы бұлттардың суын –
Бұл ғұмырда! –
Iше алмай өтем ғой.
Өкiнiштi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қулық

  • 0
  • 0

Тiлi — түбiт —
сұғатұғын бiзi жоқ,
өрттей ыстық,
қаритұғын мұзы жоқ,

Толық

Тоналу

  • 0
  • 0

Ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Бiттiм әбден,
дiңкем құрып өлердей.
Арғы-бергi дүниеде,

Толық

Күзгі жел және ағаштар

  • 0
  • 0

Күзгі қара жел
Үйіре ұйтқытып
Оңын да, солын да
Бұрқырап соғуда.

Толық

Қарап көріңіз