Өлең, жыр, ақындар

Партия газеті

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 286
Төрттен бірін жасап бүкіл ғасырдың
Тұғырыңда тұрсың толып мүшелін;
Большевиктік сөздің даңқын асырдың,
Сайрап тұрған бұлбұл тілді шешенім.
Тегеурінді қанат қаққан қырандай,
Жауды жайқап жарқ етті қияғың.
Сен саңқылдап партия үнін ұрандай
Шыққанында,— тұрған елім құлағын.
Құстай ұшып Ұлы Отанның даласын,
Қиқу салып жерің бар ма бармаған,
Оқығанда ашып ойдың арнасын
Жан аз шығар сені қолға алмаған.
Айна дайын сенің айқын жүзіңнен
Көрді елім күн келбетін өмірдің.
Меруерттей сөзің әрбір тізілген,
Нұр ойнатқан сарайына көңілдің.
Сен қолыңда — бақташының, малшының,
Сен қолында — білімпаздың, ақынның,
Сен — өмірдің көрсететін бар шынын,
Сөзің туған сәулесінен алтын күн.
Сен жеткіздің жырдай шырқап халыққа
Жада өмірде заңның алтын сәулесін,
Сөзден құйған ұсайсың бір алыпқа
Терең ойдың ту ғып ұстап бейнесін.
Соғыста да сөзді оқтай саулаттың,
Оттан қайтпай, қан майданмен тілдестің,
Окобында бірге жатып солдаттың,
Сұр шинельге бірге оранып сөйлестің.
Жау оғына жыртылмады броньдай
Төрт бұрышты төрт бетіңнің шаршысы,
Ер қолында жарқылдай бер құралдай,
Партияның жалынды сөз жаршысы.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын дән

  • 1
  • 0

Октябрь деген жаз шығып,
Бізде алтын дән егілген.
Тамырлап өсті жас шыбық.
Жаңа шығып көрінген.

Толық

Талмас тұлпар

  • 0
  • 0

Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз;
Айдын көлді қиялап
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.

Толық

Қарап көріңіз