Өлең, жыр, ақындар

Талма түс

  • 03.10.2018
  • 0
  • 0
  • 1392
Талма түс.
Күннің көзі неғылған өртең еді,
Жер тарпиды шопанның кертөбелі.
Жылқы құлап суатқа бара жатыр,
Пау, шіркін, сол бір сәтті көрсең еді!
Талма түс.
Жалын қайнап жартастар өртенеді,
(Жайлау малы өріске ерте өреді).
Тобарсып ыстық күнде шөлдеп жүрер,
Торсыққа қымыз құйып берсең еді.
Талма түс.
Шапқылайды тентек ұл тайға мініп,
Маң төбеттер қояды жайлап үріп,
Бір топ бала көкпар ғып тұсау жіпті,
Барады "аттың басын" сайға бұрып.
Талма түс.
Бара қалсаң жайлауға күнде сауық,
Аты озғандар бәйге алар, жүлде тауып.
Келіншек келе жатыр отау жаққа,
Қайнымен қалжыңдап, бие сауып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Шаршамас, сірә, бұл ақын,
Шаршатпай күңді қартамыс.
Мезгілі жоқ бір тынатын,
Өмірде мынау арпалыс.

Толық

Аққулар

  • 0
  • 0

Айдын көл беті жап-жалтыр,
Аққулар жүр шомылып.
Ақ қайың ару ақ балтыр,
Ақша бұлт көлге көміліп.

Толық

Тастағы таңбалар

  • 0
  • 0

Басымырақ —
Аңыздан да шындығы,
Басымырақ —
Жақсылықтан сұмдығы.

Толық

Қарап көріңіз