Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (2805)

Ажал жетпей - өлмек жоқ.

Ілмектер: ажал, өмір, нақыл, афоризм Қорқыт ата

Күлелік те, ойналық,
Киелік те ішелік.
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған?!

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.

Ілмектер: қадір, адам, нақыл, афоризм Сократ

Бақыт бір жерде тұрмайды.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм Құтып

Сүюді доғарып, өткен махаббатынан ұялатын адам әсте болмайды.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Өмірлік тәжірибесі аз адамның айтқан сөзі аса сенімнен шыға бермейді. Мейлі маған еліктеп айтса да.

Ілмектер: өмір, тәжірбие, нақыл, афоризм Сократ

Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.

Ілмектер: күй, ән, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Ақ жолында кім үйретсе бір әріп
Болмас оның қызметін қайтарып.

Ілмектер: оқу, әріп, нақыл, афоризм Әлішер Науаи

Егер біздің бойымызда кемшіліктер болмаса, оларды жақындарымыздың бойынан көргенде сонша сүйсінбес едік.

Ілмектер: кемшілік, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз, былайша айтқанда, сырт киім; ой — киімнің астында жасырынған дене.

Ілмектер: ой, сөз, нақыл, афоризм Федор Достоевский

Танымның үш жолы бар: ең оңайы еліктеу, ең ащысы — тәжірибе, ең мәртебелісі — ойлау.

Ілмектер: еліктеу, тәжірбие, нақыл, афоризм Конфуций

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, ұлт, нақыл, афоризм Мұхтар Әуезов

Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір пара.

Ілмектер: әуен, әуез, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады.

Ілмектер: жүрек, ақыл, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Ілмектер: мақсат, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Ақылы қысқаның тілі ұзын.

Ілмектер: ақыл, тіл, нақыл, афоризм Аристофан

Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды.

Ілмектер: нақыл, сөз, афоризм Құтып

Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Ақылсыз адам кез келген ілімге бас ұруға құмар.

Ілмектер: ақыл, білім, нақыл, афоризм Гераклит

Қанша асықсаң да - мезгілі жетпей іс бітпейді.

Ілмектер: асығу, нақыл, афоризм Құтып