Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы

Заттар мен құбылыстарды танитын күш - ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

Ілмектер: ақыл, күш Бауыржан Момышұлы

Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.

Ілмектер: жүрек, ақыл, тіл Жан-Жак Руссо

Ақыл-ойды дамыту үшін жаттау емес, ойлау қажет.

Ілмектер: ақыл, ой, жаттау Рене Декарт

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

Ілмектер: ақыл, ақылды, жауап Саиф Сараи

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Ілмектер: ақыл, тән, сұлулық, ой Франсуа де Ларошфуко

Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.

Ілмектер: ақыл, алыс, дүние Жүсіп Баласағұни

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Асығыстық - ақылдының ісі емес.

Ілмектер: асығыстық, ақыл Құтып

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

Ілмектер: ақыл, білім Аристотель

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Ілмектер: қазақ, ақыл, байлық, билік Абай Құнанбайұлы

Мен жас кезімде революцияшыл болдым. Ақыл тоқтатып, ақ пен қараны ажырата алатын шақта консерватор болуға бекіндім.

Ілмектер: жастық шақ, революция, консерватор, ақыл Уинстон Черчилль

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Ілмектер: ой, ақыл, ғылым, қайрат, өнер, дүние Жүсіпбек Аймауытов

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ілмектер: батырлық, тәуекел, адалдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.

Ілмектер: ақыл, пікір Иоганн Вольфганг фон Гёте

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

Ілмектер: темекі, тән, ақыл, ой Оноре де Бальзак

Бай болғаннан гөрі, ақылды болыңдар. Байлықтан айрылсаң да, ақыл өзіңде қалады.

Ілмектер: бай, ақыл, байлық Эзоп

Дүмшелер өздерінің ақылы жетпеген нәрсенің бәрін жамандайды.

Ілмектер: ақыл, жамандау Франсуа де Ларошфуко

Білім— ақылдың ажар-көркі деп босқа айтылмаған.

Ілмектер: білім, ақыл Кей-Кавус

Маскүнемдік — өз еркіңмен ақылдан алжасу.

Ілмектер: маскүнем, маскүнемдік, ақыл Сенека