Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (1)

Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.

Ілмектер: сенім, махаббат Федор Достоевский

Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.

Ілмектер: адам, ой, сөз, сенім Бернард Шоу

Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.

Ілмектер: махаббат, ұлы, қуат, сенім Ілияс Есенберлин

Сенімсіз - иман жоқ.

Ілмектер: дін, иман, сенім Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.

Ілмектер: сенім, сәтсіздік Кристиан Боуви

Сейсенге сенсең - маған сен.

Ілмектер: сенім, достық Тоқсары

Сеніңіздер, сенім бізді сақтаған.

Ілмектер: сенім Александр Пушкин

Оптимизм жетістікке әкелетін сенім. Сенім және үмітсіз ештеңе болуы мүмкін емес.

Ілмектер: Сенім, Оптимизм Хелен Адамс Келлер

Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.

Ілмектер: сенім, сенімсіздік Сергей Довлатов

Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.

Ілмектер: қасиет, жұрт, сенім Пьер Бошен

Өзіне-өзі сенбеген жанның жақ ашпағаны жөн.

Ілмектер: сенім Франсуа де Ларошфуко

Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды.

Ілмектер: мұғалім, сенім, оқу Дмитрий Менделеев

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.

Ілмектер: сенім, өсиет Құтып

Алданып қалғаныңнан гөрі досыға сенбегендігің - масқаралық.

Ілмектер: алдану, масқара, сенім, сенбеу Франсуа де Ларошфуко

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!

Ілмектер: бақыт, тілек, сенім Дінмұхамед Қонаев

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.

Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жаннан артық сенімді дос таппадым,
Құпиямды тек жүрекке сақтадым.

Ілмектер: құпия, жүрек, дос, сенім Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.

Ілмектер: жастық шақ, арман, сенім, болашақ, романтика, жоспар, лирика Назым Хикмет Ран

Егер әркім әлемде бәрі жақсы болады деп сенсе, бұл ғаламда қорқыныш жойылады.

Ілмектер: ілем, қорқыныш, сенім Харуки Мураками

Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді.

Ілмектер: жеңіс, сенім Пауло Коэльо