Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (9) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

Тастағы жазудан тағлым алғайсың.

Ілмектер: тас, жазу Білге қаған

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.

Ілмектер: сауат, адам, жазу Ахмет Байтұрсынұлы

Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс.

Ілмектер: жазушы, ой, жазу Эрнест Хемингуэй

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.

Ілмектер: қазақ, тіл, дыбыс, оқу, жазу Ахмет Байтұрсынұлы

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Ілмектер: жаңалық, ғылым, жазу, жазушы Әбіш Кекілбаев

Жазу үрдісі де мәңгілік емес.

Ілмектер: жазу, мәңгілік Олжас Сүлейменов

Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз.

Ілмектер: жазу, әдебиет, соқыр Ғабит Мүсірепов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов

Жазу қиын, бірақ мүлдем жазбау одан да қиынырақ болар еді.

Ілмектер: жазу, журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тадеуш Бреза

Айша Бибінің сағанасындағы жазуды аударса — «Сүмбіле». Су суыды. Өмір — сұмдық».

Ілмектер: Айша бибі, сағана, жазу, аудару, Сүмбіле, су, өмір, сұмдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасаңыз және өз тағдырыңызды басқа біреу емес, өзіңіз жазыңыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, қадам, тағдыр, жазу Нарша Булгакбаев

Тағдыр сіздің миыңызда жазылған. Миыңызды қағаз деп елестетіп өз тағдырыңызды өзіңіз жазуға байқап көріңіз. Осыны мақсат қылып алыңыз. Бұл сіздің өмір не тағдыр атты кітабыңыз және ол әрқашан өзіңіздің қолыңызда.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тағдыр, ми, жазу, Қағаз, мақсат, Өмір, кітап Нарша Булгакбаев

Жазып отырғанда мығым-ақпын, жазып болып топқа түскенде жаңа түскен келіншекпін.

Ілмектер: жазу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Кітаптың соңы — жазудың басы болмайды.

Ілмектер: кітап, жазу, соңы Жак Деррида

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец