Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (16)

Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

Ілмектер: іс, жан дүние, себеп Бауыржан Момышұлы

Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.

Ілмектер: қалау, адам, себеп, амал Сократ

Себепсіз еш нәрсе болмайды, бірақ барлығы белгілі бір негіз бен қажеттілікпен туындайды.

Ілмектер: себеп, қажеттілік, негіз Демокрит

Егер сен бір нәрсені қаласаң, бүкіл әлем оның орындалуына себепші болады.

Ілмектер: қалау, әлем, себеп Пауло Коэльо

Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.

Ілмектер: ақиқат, себеп Олжас Сүлейменов

Кездейсоқтықтың да себебі болады.

Ілмектер: Кездейсоқтық, себеп, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Өзіңізге деген сенімсіздік — сәтсіздіктің негізгі себепшісі.

Ілмектер: сенім, сәтсіздік, себеп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Кристиан Боуви

Барлық жағынан жағымды, позитивті, жақсы болып көрінетін адамның өзінде, өмірінде сəтсіздіктер мен қиындықтар, проблемалар болуы мүмкін – демек бұл салдары. Ал себеп мынада, ол белгілі бір уақытта, Жаратушының заңдылықтарын дұрыс түсінбеді немесе дұрыс қолданбады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, жақсы, жағымды, адам, Өмір, сәтсіздік, қиындық, проблема, себеп, салдар, жаратушы, Заң, түсінік, дұрыс, қолдану Нарша Булгакбаев

Ішкі (себеп) жан дүниеңіз қандай болса сыртқы (салдар) қоршаған орта, айналаңыз сондай болады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, себеп, салдар, жан, дүние, қоршаған орта Нарша Булгакбаев

Дүние – себеп, ал ақырет – дүние амал-әрекеттерінің салдары.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, дүние, ақырет, амал, іс-әрекет, себеп, салдар Нарша Булгакбаев

Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Жаратушы бір қабылдаған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол барлығының толық салдарын алдын ала біледі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратушы, жаратқан, жаратылыс, энергия, Шешім қабылдау, себеп, салдар Нарша Булгакбаев

Өмірің — өз амалыңның жемісі. Өзіңнен басқаны кінәләуші болма.

Ілмектер: әрекет, нәтиже, Өмір, себеп, амал Джозеф Кэмпбелл

Көптеген адамның табысқа жете алмауының бір себебі – бар уақытын ұсақ-түйекке арнайды.

Ілмектер: табыс, себеп, ұсақ-түйек Джим Рон

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы беріктік, екінші — ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші — ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек.

Ілмектер: себеп, ұмытпау, көкірек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Абай Құнанбаев

Егер сізге бақытты болу керек болса, бақыт туралы ұмытуға тырысыңыз, себебі бұл да бақыт.

Ілмектер: бақыт, ұмыту, себеп, туралы Нарша Булгакбаев

Ұқсастық тəрізді, айырмашылық та өзара жақындасудың себебіне айналуы мүмкін.

Ілмектер: айырмашылық, ұқсастық, себеп Эмиль Дюркгейм