Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жаңылтпаштар

Сендегі басты бас деп,
Әрі алғыр, әрі жас деп,
Алғаның кәрі мәстек,
Ол босқа ішеді ас тек.


Лек-лек үлек келді,
Көп үлек түлеп келді.


Қап-қап қақты
Аппақ апты.
Ақтық қапты
Ақық апты.


Ала ісекті,
Қара есекті,
Сұр құлақты
Сары лақты
Босқа берем
Досқа, дер ем!


Ұзаққа тұзақ — тозақ,
Ұшпайды ұзап ұзақ.
Түседі ұзақ өзі-ақ,
Ұзаққа тұзақ — тозақ.


Сұсты
Түсті,
Ұшты
Тісті
Арыстанға
Барыс таң ба?!


Гәп балда емес,
Гәп әлде.
Гәп малда емес,
Гәп халде.
Әл де,
Хал де
Жоқ па әлде?!


Қоямын деп алып қоймағаннан,
Қоямын демей-ақ қойған артық.


Ардагерді
Жауда көр,
Саудагерді
Дауда көр!


Шын жүйрік торыала ма, қараала ма?
Қарааланы босқа сен қаралама!
Бермеймін қарааланы торыалаңа,
Торыалаң оған таяу бара ала ма?
Қарааланы босқа сен қаралама!


Досқа дос қол бұлғайды,
Қасқа қас қол былғайды.


Қожаш шашын
Сапашқа алдырды ма,
Сапаш шашын
Қожашқа алдырды ма?


Алма алма, бал ал!
Жая алма, Жал Ал!


Жолға ол да жорға алады,
Жорға жолда зорға жорғалады.


Боламыз атама таң:
Бір қызық адам атам.
Мінеді атам атан,
Мінді деп атан атам,
Айтуға бата ма адам!


Көбейсін атұстар,
Болмасын атыстар.
Болса мол атыстар,
Қалмайды атұстар.


Ақынның батылдылырағын айт,
Батырдың ақылдылырағын айт.
Ұстаздың сабырлылырағын айт,
Шәкірттің алғырлылырағын айт.


Мен шоң ба сонда, сен шоң ба?
Кім кіші, шоңы кім сонда?!


Менің нем кем деп ең,
Бер үйді ең кең деген.
Бер үйді ең кең деген,
Менің нем кем деп ең?!


Шірік сырық,
Қырық құрық па?
Қырық сырық,
Шірік құрық па?