Өлең, жыр, ақындар

Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады — Асхат Аймағамбетов

Шалғайдағы елді мекендердің оқушылары 4-тоқсанды мектепте оқуға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бізде шағын жинақталған, әсіресе, шалғайдағы, өте алыстағы елді мекендердегі мектептер бар. Оларда бала саны өте аз. 20, 40, 50 бала білім алады. Бірақ, үлкен мектептер. Осы мектептер бойынша қазіргі уақытта тиісті шешім қабылдадық. Әрине, эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлі де шешімді қарап, керек болса түзетеміз. Бірақ, республика бойынша осындай мектептердің тізімін анықтадық және осы мектептерде қазіргі уақытта тиісті карантиндік шаралар қабылданатын болса, онда сол мектептер өздерінің дәстүрлі форматында жұмысын жалғастыра беруге мүмкіндіктері бар», — ол.

Бірақ, министрдің айтуынша, мұндай мектептерде сабақ өткізу уақыты 30 минутқа қысқартылады. Сонымен қатар оқушылар екі ауысыммен білім алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер