Өлең, жыр, ақындар

«Үздік педагог» атағын иеленушіге берілетін сыйақы мөлшері бекітілді

Үкімет «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидасы мен сыйақы мөлшерін бекітті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №204 Қаулысымен «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары және оның мөлшері бекітілді.

«Үздік педагог» атағын иеленушіге 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2 651 000 теңге) мөлшерінде сыйақы белгіленеді», делінген құжатта.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Айғаным

Үздік педагог дегенге педагогтың қандай жұмысы кіреді айтыңызшы министр мырза. Мұнда мен айтар едім педагогтың ғылыми жұмыстары, үздіксіз жылда ұлттық бірыңгай тестілеуден жақсы баға алып жатса, халықаралық жарыстардан орын алып келсе химия,физика,математика сияқты пәндерден оқушыларда керемет ғылыми жобалар болса,мұғалімнің өз еңбектері көп болса облыстық,республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып жатқан тәрбиеге байланысты оқушымен,ата-анамен жұмыстары мен айтар едім 3 миллион берсеңізде,әйтпесе бұл талаптандыру ма түсінбеймін мектептің ішіндегі әшейін сағаттарға таласып жылап жүреді мұғалімдер кім директормен жақсы сол керемет ұстаз боп шыға келеді.Кәдімгі біліктілік тестілеуде мұғалімдер неге шпаргалка пайдаланады немесе бірнеше рет барып жүріп әрең тапсырып келеді. Мектеп ішінде былық деген жетеді. Кейбір мұғалімдер қанша еңбектеніп жүрседе еңбегі ешуақытта көрінбейді. Директорларды жиі ауыстыру керек жылда бір сарын еш өзгеріс жоқ. Сол жартас баяғы жартас. Әлі жоғарыдағы депутаттардың қойып қойған директорлары жылжымай отыыыыыырып алаааааады ғой тегі. Ол үздік мұғалім дегенді уже алып жатқан шығар. Министр мырза сіз менің баламсыз менің жасым алпыста егер мектепке,балаларға шын жаны ашыған адам мектеп бағдарламасына нені енгізу керек.Пенде болғаннан кейін айтамыз оқушыға да,ата-анағада,мұғалімге де не қажет дұрыс білім,жақсы мінез,этика,мәдениет қажет көп адамда жетіспейтін нәрсе бар,әйтпесе мұғалімдер арасындада өте сауатсыз өз пәнін жкте меңгермеген мұғалімдерден не сұрайсыз,өйткені олардың көбісі платныйда оқығандар.Үздіқ педагог бар шығар мүмкін бірақ ол ауылды жерде жоқ.

Алия

Үздік педагогқа соншама ақша беру деген артық.Көп атақтар сатылады ауданның құрметті азаматы, Алаш ұстазы тағы басқа атақтарды тіпті ауданның білім бөлімінде олимпиада,грамота дегендер сатылып жатады,ал Үздік педагог дегеніңіз қып-қызыл ақша ғой. Бұл артық енді.Педагогика саудаға салмау керек.Жақсы педагог өз білімімен ақ танылады,оқушылар жақсы көреді. Ақша тек мұғалімдерге үзбей төленіп жатқандықтан онсыз да былық көп. Педагогикаға өте мұқият қарау керек.

Айдана

Үздік педагогқа соншама ақша беру деген артық емес! Көп беру керек! Айлықтары сондай болу керек!

Гүлнар

Үздік педагогқа соншама ақша беру деген артық емес деп айту сізге артық енді. Мектептен бесіктен белдері шықпай жатып 15 жасар балалар не болып жатыр 9-шы сыныптан кейін оқымайтын балаларды қуады ақыры тестке бармайсың деп оқуың төмен деп балаларды түгел кетіре алмаған сынып жетекшіні директор келесі жылында сағат жоқ деп вахтада отырғызып қойды көнсең сол көнбесең сол деп жоғары білімді мұғалімді ол басқа мектепке кете алмайды алысқа қатынап істеу керек көптеген кедергілер жетеді балалары жас сағатты директор өзі бөледі сағат жоқ деп аңырайды сағат сұрасаң,бірақ бар кейбір коллективте директорға бағынғысы келмейтіндер топ-топ болып арыз жазатындар жетеді. Мектепті басқа ру оңай емес темірдей тәртіппен басқару керек одақ кезінде де жұмыс істегенбіз,ол кезде де келеңсіз оқиғалар көп болған.Үздік педагогқа сонша жалақы төлейтіндей әркім шамасына қарасын.Сатып алынған біліммен грамотамен ешкім алысқа ұзамайды оданда баланы жаман әдеттен аулақ қылмысқа алды артын ойламай ұрынатындай болмайтындай үлкенді әйел адамдарды қадірлейтін отбасына жауапкершілікпен қарайтын азамат пен әйел аналарды тәрбиелесең сол педагогтың осы замандағы жетістігі. Мына ауданда білім бөлімінде отыратын методисттерше керемет қой. Мынау қазақ хандығының 550 жылдығына орай сонша дайындалып 20 шақты мұғалім бардық ауданға облысқа өткенге. сабақтарымызды өткізіп өткізіп кеттік бір күні облысқа барып келдім ауданнан өтіп деп мүлде келмеген сабақ көрсетпеген мұғалімді көрдім. Жетеді ғой ондай директор завуч тарапынан қысымдар сабағыңды жоққа шығарып үздік педагог деп коллективте бір адамға соншама ақша бере салу дегенге келіспеймін.Барлығы үздік болмаса да еңбегімен танылып жатқандар өте көп.

Тышканбаева лескул сейдановна

Уздик педагог канша сыйакы берилседе артык емес азаннан кешке дейин мектепте окушыларга билиммен катар тарби беу онай емес асиресе мына заманда казирги окушылар 60,70 жылгы окушылар емес,олар енбегинин жемиси ушин алгандар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар