Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-да төртінші тоқсанға қатысты сұрақтар жоқ — Білім министрі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу қашан өтетінін айтты.

«ҰТБ біздің елде кесте бойынша жыл сайын маусым айының соңы мен шілде айының басында өтеді. ҰБТ-ға дайындалу үшін уақыт жеткілікті екенін көріп отырсыздар. Маусым айының соңында қазіргі жағдай өзгереді деп ойлаймыз. ҰБТ-ны дәстүрлі түрде өткізетінімізге үміттенеміз. Біріншіден, ҰБТ — өтеді. Екіншіден, оның форматы өзгермейді. Үшіншіден, өту уақыты да өзгермейді», — деді министр.

Дегенмен, А.Аймағамбетов пандемияға байланысты ахуал өзгермеген жағдайға ҰБТ-ны өткізудің өзге нұсқалары қарастырылып жатқанын жеткізді.

«Әдіскерлер, ІТ мамандардан құралған топ бар. Олармен бірігіп ҰБТ-ның екі нұсқасын дайындап қойдық. Пандемия жағдайы жақсармаса, екінші нұсқаны қолданамыз. Бұрын айтқанымдай, «Б» жоспарын қолданамыз. Біз 11-сыныптар үшін қорытынды аттестацияны алып тастадық. Бұл ҰБТ-ға жақсырақ дайындалу үшін мүмкіндік береді. Биыл тест сұрақтары ішінде 99% төртінші тоқсанға қатысты сұрақтар жоқ», — дейді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар