Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Корея Республикасы, Сингапур. Бұл елдер де жаңа оқу жылын Қазақстан сияқты дәстүрлі форматта бастады.
Біз атаған елдердің бәрінде мектепте эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау шарттары ұқсас. Дегенмен, мектеп фомасына, оқушылардың тамақтануына және вакциналау мәселесіне байланысты аздаған айырмашылықтар бар. Төмендегі кестеде осы айырмашылықтар көрсетілген.
Қазақстанда және шетелде мектептегі сабақ форматы
Ел |
Қазақстан |
Ұлыбритания |
АҚШ |
Италия |
Корея |
Сингапур |
2021-2022 оқу жылындағы оқыту форматы |
Дәстүрлі формат |
Дәстүрлі формат |
Дәстүрлі формат |
Дәстүрлі формат |
Дәстүрлі формат |
Дәстүрлі формат |
Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар |
- термометрия - желдету, кварцтау, сыныптарды дезинфекциялау - маска режимі - әлеуметтік қашықтықты сақтау - сабақтар мен өзгерістердің икемді кестесі - ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастырылды - «Бір сынып - бір кабинет» принципі бойынша кабинетті сыныпқа бекіту; - бұқаралық іс-шараларға тыйым салу |
- термометрия - сыныптарды желдету, дезинфекциялау - әлеуметтік қашықтық - икемді сабақ кестесі, өзгерістер - сабақтың ұзақтығын өзгерту, бірнеше ауысым - кіруді/шығуды ұйымдастыру - тамақтану сыныптарда немесе асханаларда шағын топтарда ұйымдастырылады |
- термометрия - сыныптарды желдету, дезинфекциялау - әлеуметтік қашықтық - икемді сабақ кестесі, өзгерістер - сабақтың ұзақтығын өзгерту, бірнеше ауысым - кіруді/шығуды ұйымдастыру; - тамақтану сыныптарда немесе асханаларда қашықтықты сақтай отырып ұйымдастырылады |
- термометрия - сыныптарды желдету, дезинфекциялау, - әлеуметтік қашықтықты сақтау - икемді сабақ кестесі, өзгерістер - сабақтың ұзақтығын өзгерту, бірнше ауысым -кіруді/шығуды ұйымдастыру - тамақтану сыныптарда немесе асханаларда қашықтықты сақтай отырып ұйымдастырылады |
- термометрия - сыныптарды желдету, дезинфекциялау - әлеуметтік қашықтықты сақтау - икемді сабақ кестесі, өзгерістер - сабақтың ұзақтығын өзгерту, бірнше ауысым -кіруді/шығуды ұйымдастыру - 24/7 ауа тазартқыштар орнатылды - оқушылардың, педагогтардың денсаулық жағдайын мониторингтеу және байланыс тұлғаларын қадағалау үшін электрондық қосымшалар әзірленді ; - тамақтану сыныптарда немесе асханаларда қашықтықты сақтай отырып ұйымдастырылады |
- термометрия - сыныптарды желдету, дезинфекциялау - әлеуметтік қашықтықты сақтау - икемді сабақ кестесі, өзгерістер - сабақтың ұзақтығын өзгерту, бірнеше ауысым - өзгерістер әр уақытта белгіленген - мектепке келу және кетудің уақыты нақты белгіленген - оқушылардың денсаулығын және байланыста болған тұлғаларды бақылау үшін электрондық қосымшалар әзірленді - тамақтану сыныптарда ұйымдастырылған |
Мектеп формасына қойылатын талаптар |
мектеп формасын кию міндетті емес, бірақ классикалық стильдегі киіммен баруға рұқсат етіледі |
мектеп формасы міндетті, вирус жұқтырмау үшін форманы жиі жуу ұсынылады |
мектеп формасына қойылатын талаптарды белгілеу мектептердің құзыретінде |
міндетті мектеп формасы бойынша талаптар жоқ |
мектеп формасын кию міндетті, тек аз қамтылған отбасылардың балаларынан талап етілмейді |
мектеп формасы міндетті, бірақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасын киюге рұқсат етілмейді |
Педагогтерге вакцинация бойынша қойылатын талаптар |
Медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардан басқа педагогтер мен мектеп қызметкерлерін 100% вакцинациялау |
- ерікті вакцинация |
- педагогтар міндетті түрде вакцина алады- вакциналау мерзімі бекітілген |
- педагогте міндетті түрде вакцина алады - вакциналау мерзімі бекітілді |
- педагогтерд міндетті түрде вакцина алады - вакциналау мерзімі бекітілді |
- педагогтерд міндетті түрде вакцина алады - вакциналау мерзімі бекітілді |
Оқушыларды вакциналау ға қойылатын талаптар |
__ |
-мектеп қызметкерлері мен оқушылар аптасына екі рет ПТР-тесттен өтуі тиіс |
балалар 12 жастан бастап вакцина алады |
балалар 12 жастан бастап вакцина алады |
балалар 12 жастан бастап вакцина алады |
балалар 12 жастан бастап вакцина алады |
Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен UNICEF әлем елдерін жаңа оқу жылында мектептердің жабылуына жол бермеуге және пандемия жағдайында оқу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған болатын. Соның аясында мынадай ұсынымдар берген:
1. Мектептердің жабылуын тек төтенше шара ретінде қарастыру. Яғни, карантин күшейтіліп, кейін жеңілдетілген жағдайда мектептер ең соңында, бірінші кезекте ашылуы керек.
2. ПТР-тестілеуге қатысты стратегиялардың іске асуын қамтамасыз ету.
3. Тәуекелді азайту жөніндегі тиімді шараларды қамтамасыз ету.
4. Балалардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету.
5. Осал таптағы балаларды барынша қорғау.
6. Мектеп ортасында оң өзгерістерді қамтамасыз ету.
7. Мектептерді карантинге жабу мәселесінде балалар мен жасөспірімдерді шешім қабылдау процесіне қатыстыру.
8. Мектептердің жабылуына жол бермеуге бағытталған вакцинацияға қатысты стратегияларды іске асыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі