Өлең, жыр, ақындар

Әріптес-қызметтестерге құттықтау, тілек

Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

*** *** *** ***

Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.

*** *** *** ***

Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді. Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.

*** *** *** ***

Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті жас маман ретінде танимыз. Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың жалауын жықпай, жылуын мәңгі жоғалтпай, ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп, еңбектің жемісі мен жеңісіне кенеліп, мақсат-мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға адаспай жетуіңізді тілейміз.
Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!

*** *** *** ***

Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған .......................... бөлімінің жұмысын сапалы да ұтымды жүргізу ісіндегі еңбегіңізді аса жоғары бағалаймыз. 
Салаңыздың білгірісіз – санаңыз ілгері болсын, еңбектің озатысыз – ойыңыз озық болсын деп тілейміз.

*** *** *** ***

Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз-тілектерін қабыл алыңыз. Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз. Осы айтулы сәтте Сізге  келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңа қадірле де сыйлы боп тек биіктерден көріне бер!

*** *** *** ***

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз! Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға  осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын!

*** *** *** ***

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз! Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!

*** *** *** ***

Бүгінде Сіз көлік саласының тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары,  беделі зор мамандарының бірісіз. Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз,
аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз,  азаматтық бітім-болмысыңыз да үлгі тұтарлық.  Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!

*** *** *** ***

Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз! Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын!

*** *** *** ***

............. жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

*** *** *** ***

Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз – туған күніңіз құтты болсын! Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық. Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен, адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.
Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр-қайрат,
талмас талап-жігер тілеймін. Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!

*** *** *** ***

Кемелді келешекке қарышты қадам басқан Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтанның жоғары талаптары әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктейді. Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы – /саланың атауы/ дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.

Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.
Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі-ниет, ақ тілектерімді қабыл алғайсыз. Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

*** *** *** ***

Жер-көкті қуаныш пен гүл шоғына орап, аңсай жеткен көктем күніндегі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы және ұлтжанды азамат ретінде танып, құрметтейді.

Өйткені, бүгінде ынтымағы жараса, татулықты ту еткен сәулеті мен дәулеті тасыған бас қаламыздың келбеті аз ғана уақыт ішінде ерекше нұрға бөленіп көркейе түсуі мен көлік саласындағы жетістіктерге жету жолында үлкен ұйымдастырушылық және биік деңгейдегі біліктілік қабілеттеріңізді қашанда байқатып келесіз. Бұдан басқа да ұжымда жоғары талап қоя отырып, әрбір азаматтың жүрегіне жол тауып, үлкен адамгершілікпен түсіне білеріңіз өз алдына.

Сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен ................. дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

*** *** *** ***

Бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сізге зор денсаулық, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз. Әрқашан үміттеріңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіз. Отбасыңыздан бірлік, құт-береке кетпесін. Балаларыңыздың ортасында шаттанып жүре беріңіз. Әрбір арайлап атқан таң Сізге тек қуаныш пен бақыт әкелсін.

Әріптес-қызметтестерге құттықтау, тілек

Сізді жылуы мен шуағы мол жаздың тамаша сәтіндегі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын.
 
Бүгінде Сіздің жауапкершілік жүгін арқалап, .................... қызметінде қоғамымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетіңіздің, кәсіби іскерлігіңіз бен парасаттылығыңыздың, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жүргізіп отырған дәйекті де үйлесімді саясатыңыздың арқасында экономикалық алға жылжуға қол жеткізіп келеміз.

Бұл реттегі игілікті істеріңізді қала тұрғындары әрқашан да жоғары бағалайды.
 
Бүгінгі туған күніңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыңызға бақыт, өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық істеріңізге табыс тілейміз.
 
Лайым Қазақстанның берекесі нық, іргесі берік, болашағы жарқын болып, қаламыз күннен-күнге көркейіп, абырой-даңқыңыз ел мүддесімен бірге жасай берсін.
 
Сіз барлық атқарған мәртебелі қызметтерде жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырсыз.
 
Сіз бар күш-жігеріңізді, мол тәжірибеңізді туған еліміз – Қазақстанды қорғай білетін мамандар даярлауға аямай жұмсап келесіз. Сіз әрдайым қарапайым адамдардың мұң-мұқтажына терең бойлап, әркімге жақсылық жасауға құштарсыз.
 
Әрқашан біліміңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында әріптестеріңіздің арасында құрмет пен сыйға бөленіп жүрсіз. Еліміздің экономикасының өркендеуіне, қанаттанып гүлденуіне сүбелі үлес қосып келесіз.
 
Осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген қадірлі азаматқа деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болып, отбасына береке-бірлік, баянды бақыт, еңбекте тартулы табыс тілейміз.
 
Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін!

Біз Сіздің іскерлік қабілеттеріңіздің жарқырай ашылған тұсы осы кез екенін жоғары бағалаймыз. Сіз жаңа астананың қалыптасуына, мұндағы әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуіне мұрындық болып, қала халқының алдында биік беделге ие болдыңыз. Сізді әріптестеріңіз іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, кәсіптік деңгейі жоғары маман ретінде танып құрметтейді. Бүгінгі мерейлі мерекеңізде еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
 
Сіздің әйел-ана ретінде де мейірім-шапағатыңыздың зор екенін білеміз. Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиетіңіз кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге бола білсін.
 
Біліміз бен алғырлығыңыздың және ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында әріптестеріңіздің арасында құрмет пен сыйға бөленіп жүрсіз. Елорда орталығының ірі кәсіпорындары бірінің қызметі өркендеп, қанаттанып өсуіне қалыпты жұмыс жасауына сүбелі үлес қосып келесіз. Осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген азаматқа деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ, отбасына береке-бірлік, баянды бақыт, еңбекте тартулы табыс тілейміз.

*** *** *** ***

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен  еленіңіз!

*** *** *** ***

Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімді жолдаймын!
Көп жылдан бері ............... саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.
Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.  Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Әріптес туған күнің құтты болсын!

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге құттықтау мен тілектер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

Тілектер

Тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Аруна

Әріптес-қызметтестер бақытты болыңыздар!

Риза

Бүгін туылған барша адамзатқа бақыт тілеймін

Ержан

Барлық адамзатқа бақыт, байлық тіледім!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз