Егін жинағаннан кейін астықта әр түрлі қоспалар — арамшөптердің тұқымдары, жемістері, жеміс шоғырлары, вегетативті мүшелерінің сынықтары, негізгі дақылдардың семгендәндері, топырақ кесектері жөне басқалар болады. Олардың ылғалдылығы жиі түрде жоғары болуы мүмкін, ал ол қырманда астықтың өздігінен қызуына, өңезденуіне, өнуге ұрындырады. Сондықтан жалпы өнімнен барынша құнды бөлігін (фракцияларды) себу жадығаты ретінде бөліп алып сақтаған жөн, ал бұл тазалау, уақытша консервілеу, кептіру, сорттау, іріктеу және тұқым өңдеуге бірқатар қосымша үрдістерді іске асыру арқылы орындалады. Тазалау және іріктеу (сорттау) жолымен басты үш мәселе шешіледі: мемлекеттік үлгі қалыптау (МҰҚ) талаптарына сәйкес қоспаларды аластату және негізгі дақылдың таза тұқымын алу, тұқымның физикалық көрсеткіштерін жақсарту; себу үшін барынша жоғары өнімді тұқымды бөліп алу. Бұл мәселелерді шешу әр түрлі дақылдар тұқымдарының физикалық-механикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды, олардың ішінде барынша іссаналық маңызы барларын — аэродинамикалық қасиеттерін, тұқымның мөлшері мен пішінін жан-жақты пайдалану негізінде іске асырылады. Тұқым тазалау және іріктеу тұқымның мөлшері, пішіні және беткі күйі бойынша астық тазалағыш күрделі машиналарда жүргізіледі. Соңғы уақытта тұқымды тазалау мен іріктеуде тұқымның электрлік қасиеттеріне негізделген жаңа тәсілдер жасалуда. Бұл тәсілдер қиын ажыратылатын қара сұлы қоспаларынан егістік сұлыны бөліп алуға мүмкіндік береді.
Тұқым мен қоспаларды бірінен-бірін бөліп алудың жаңа тәсілі — түстері бойынша фотоэлектрон жүйесінен өткізу: зарядталған қара түсті белшектер зарядталған ақ түстілерден оңай ажыратылады.
Тұқымды тазалап, іріктеуге елеуіштерді (решета) дұрыс таңдап алу үшін тұқымдық жадығатты қолмен үлгі елеуіште немесе классификатор құралымдарында елеп, қандайы қажет екенін анықтайды. Шамалы тұқым тобын машинадан өткізіп елеуіштердің дұрыс таңдалғанын тексереді. Іріктегенде тұқымның тек қана ірі бөліктері бөлінбейді, сонымен бірге биологиялық қасиеттері жоғары тұқымдар сұрыпталады. Астық өнімін арттырудағы тазалау мен іріктеудің рөлін ескере отырып, әсіресе тазалау жұмысын күрделі тұқым тазалағыш машиналарда егінді жинап алысымен жүргізу қажет.
Толыққанды, піскен, зақымданбаған және біркелкі тұқымдар жаппай көктейді де, жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Дәнді және басқа екпе дақылдардың танаптың өнгіштігінің төмендігі кейде тұқымның ерекше физиологиялық күйіне байланысты. Егін жинау қарсаңында дәнді астық және басқа дақылдар тұқымдары шартты түрде төмен өнгіштігімен ерекшеленеді, өйткені олардағы биохимиялық күрделі үрдістердің аяқталмауынан күрделі қоректік заттар жеңіл сіңімді және жылжымалы түрге айналып үлгермейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі