Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда француз мектептерін ашу жоспарын жариялады.
«Франция президенті Эмманюэль Макронның 2023 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында екі ел үкіметтері арасындағы халықаралық (француз) мектептерді ашу мен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісімге қол қойылды. Қазір Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі халықаралық мектептерді ашу туралы Келісімді жүзеге асыру тұрғысында жұмыс тобын құруды іске асырып жатыр. Келісімге сәйкес 2025 жылға дейін Астана мен Алматы қалаларында француз тілінде оқытатын мектептер ашу жоспарланған», - делінген министрлктің жауабында.
Мектептердегі сабақтар француз тілінде, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Халықаралық мектептің білім беру бағдарламасына енгізу үшін міндетті пәндер ретінде қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы және география болады. Қазір мектептердің жұмыс істеуіне қатысты басқа да ұйымдастыру мәселелері пысықталып жатыр.
Еске салсақ, биыл 1 қарашада Астанада Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесу кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
«Елімізде француз мектептерін ашуға, француз тілін үйретуге, академиялық байланысты арттыруға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды. Біз мұны жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі