Қожанасыр бір ағаштың басына шығып, қолына балта алып, өзінің тұрған ағашының астынан қырқа беріпті. Жолдан бір жолаушы өтіп бара жатып:
— Әй, Қожанасыр, жығыласың ғой, — деп айтып, кете беріпті. Оның сөзін тыңдамай, Қожанасыр қырқа беріпті.
Біраз қырыққан соң ағашы сынып, Қожанасыр жығылыпты. Қожанасыр ойлапты:
— Әлгі адам әулие екен, жығыласың деп еді, жығылдым. Енді мен қашан өлемін екенмін, соны сұрап қалайын, — деп, әлгі адамның артынан қуып барып:
— Жаңа сен жығыласың деп едің, мен жығылдым. Енді қашан өлемін, соны айтып бер, — деп, Қожанасыр сұрады. Ол жолаушы айтты:
— Есегің үш осырса, өлесің, — деді.
Бір күні Қожанасыр ұзақ жолға шығыпты. Біраз жерге келгенде есегі осырып қойыпты. Заман қандай болады екен деп ойлап қойыпты.
Тағы біраз жерге келгенде тарқ етіп осырып қойыпты. Сонда Қожанасыр: «Байғұсым ауырды ғой», — деп, өкпелей бастапты. Есек әдетінше шаршаған соң осыра бастайды.
Көп жерге келгенде бір көпірдің қасына келген заманда есек әдетін қылып, осырып қойыпты. «Өлді деген осы ғой», — деп, есектен жығыла кетіпті.
Сол уақытта бір топ керуен келіп, жақындап келгенде түйелер әлгі сұлап жатқан бір нәрсені көріп, үркіп, үстіндегі артқан мейіз, тағы басқа жемістер екен, қабы жарылып, [ол] төгіліп, абыржып жатқанда, өліп қалған Қожанасыр түрегеп: «Ол дүниеде осындай миуалар бар деп еді. Сол осы екен ғой, — деп [жеп қойыпты].
— Бәрін жеп жүрмісің? — [деп], керуендер Қожанасырды ұстап алып, әбден сабапты.
***
Қожанасырдың бір сиыры болыпты. Бір күні көйлек-станы тозған соң сиырды базарға апарып сатып, көйлек-стан алып келейін деп, базарға сиырын апарып жүрсе, ешкім сұрамайды.
Бір үлкен сары итке: «Сен менің сиырымды аласың ба?», — деп, иттен сұраса, ит «ыр-р», — етеді.
— Е, осы аламын дейді екен ғой, — деп, сол итке сиырын сойып береді.
Ит етті жеп жатқанда:
— Сен менің бұлымды жеті күнге дейін тауып қой, — деп, қолын сілтеп, айта бергенде, ит «ыр-р» етеді.
— Е, беремін, — дейді екен ғой, — деп, үйіне қайтып кетеді. Үйіне барса, қатыны:
— Сиырды қайттің, саттың ба? — деп сұрайды.
Қожанасыр:
— Е, сиырды бір үлкен сары итке саттым, пұлын жеті күннен соң барып алмақшы болдым, — деп, қатынына жауап қайтарады.
Қатыны Қожанасырдың сырын біледі екен, қатыны біліпті не қылғанын. Қожанасыр жеті күні біткен соң сиырдың пұлын алайын деп, баяғы итке барады. Итке барса, сол жерде сандалып жүр екен. Қожанасыр барып, итке айтады:
— Пұлымды бер, айтқан уадаңа келдім, — дейді. Итке жақындап, айта берсе, ит қасына береді, артынан қуа береді. Ит әбден шөлдеген соң, бір ағаштың түбін қазып-қазып, анандай жерге барып, ит жатады.
— Е, осы жерде ақша бар екен ғой, — деп, қазып қараса, бір көзе алтын тауып алады.
Өзінің ақшасын түгел санап алып, артығын сол жерге көміп кетеді. Үйіне барып, қатынына мақтанады.
— Мен сиырды сатып, алтын алдым, — дейді. Қатыны сұрайды:
— Ақшаны сол ит берді ме? — деп Қожанасырдан сұрайды:
— Осындай жерде бір көзе алтын бар екен. Содан сиырым сатқан ақшамды санап алып, артығын көміп кеттім, — деп. Қатыны айтады,
Қожанасырдың қатыны қу екен. Сол алтынды алмақшы болып, біраз бауырсақ пісіріп алып, Қожанасырды бір есекке мінгізіп алып, басын жетектеп, біраз жерге барған соң қатыны:
— Мен мінейін, сен жетекте, шаршадым, — деп есекке мініп, Қожанасырға басын жетектетіп бара жатып, баяғы бауырсақты Қожанасыр
……..
***
Қожанасыр таң қалады, ауадан да бауырсақ жауады екен ғой деп, кете береді. Сөйтіп, көріп, алтынды көмген жерге келеді.
Қожанасырдың қатыны алтынды алады. Қожанасыр қатынына айтады:
— Сен алтынды алма, алсаң, мен патшаға айтамын, — десе де, қатыны алтынды алыпты. Қожанасыр барып, патшаға барып айтады.
— Осындай менім қатыным алтын тауып алды, — депті.
Бір күні патша қатынымен екеуін сұрапты. Қожанасырға қай күні алтынды тауып алдың десе, әнеукүнгі ауадан бауырсақ жауған күні тауып алдым, — деп, Қожанасыр соғып тұр.
Қатыны айтады:
— Ойбай, тақсыр, ауадан да бауырсақ жауады екен ғой, — деп, патшадан сұралмай, құтылып кеткен екен.
***
Бір күні Қожанасыр бір кесесін алып, жермай алғалы базарға барыпты. Бір дүкенге келіп, бір қадақ майын тартқызып, кесесіне құйса, біразырағы сыймай қапты. Май егесі:
— Мынау қалған майыңды қайтесің? — десе,
— Мына жағында да құятын жағы бар, — деп, төңкеріп ұстайды.
Май егесі оның төгілгенімен несі бар, ақшасын алған соң қалған майын ана жағына құйып жібереді. Қожанасыр кесені сол ұстаған бойынша үйіне барады.
— Қатын, май алып келдім, — дейді. Қатыны әкелген майын көріп:
— Әдейі барып, алып келгенің осы ма? — дейді. Сонда Қожанасыр:
— Е, көбі мына жағында бар, — деп, кесесін шалқайта ұстайды. Сөйтіп, майының бәрі төгілген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі