Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған»
Дуйсенбаева А.К. ЕУИК Нур Мубарак
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Еліміздің зайырлылық принципі, қазіргі таңдағы Қазақстандағы дін аралық және дін мен мемлекет қарым қатынасының тұрақтылығы кепілі. Діни жағдайдың тұрақтылығы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, рухани тұрақтылық ұлт болашағын айқындайды дей аламыз. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде атқарылып отырған іс шаралар нәтижесіз емес. Соңғы жылдары дінтану және исламтану, теология бағытындағы мамандардың да белсенді қызметке тартылуы, діни қызмет саласындағы мәселелердің оң шешімін табуға себеп болғандығына сенім білдіреміз.
Діни сенім мәселесі өте маңызды және күрделі феномен. Заңдық тұрғыда дін мен мемлекеттің ара жігі ажыратылып, бөлектенгенімен, тәжірибеде діни іс әрекеттердің заңмен реттестірілуі, сондай ақ азаматтарымыздың құқығы мен өмірінің қорғалуы мәселесінде мелекеттің қырағылығы мен қолдауы өте қажет. Себебі, дін кеңістігінде тек рухани адамгершілік, моральдық құндылықтар ғана емес, өкінішке орай, рухани кемелдену ізденісінде жүргендерге, потенциалды қауіпті псевдодіндер, радикалды және деструктивті діни идеологиялар да кездеседі. Мұндай псеводіни құрылымдардың торына зорлық зомбылық арқылы түскен әйел тұлғасының мәселелерін талдасақ. «Мәжбүрлі» экстремизмге әлемдік масштабы тұрғысынан қарасақ әйелдердің үлесі 15-20 дан 30% ға дейін деп келеді БҰҰ ның 2017 ші жылғы мәліметінше. Жалпы экстремистік әрекеттерді талдауды, әйелдердің осы іске қатысуын, күйеулерінің «артынан ерген» қарапайым жандар ретінде қарастырады екен, тек кейбір жағдайларда ғана инициативті жақтаушылары, арбаушылары ретінде қарастырады. Ал, қарулы күштердің арасына қосылуға нақты қандай фактор итермелегені немесе қызықтырғаны (push and pull) өз деңгейінде зерттелмеген. Жалпы зорлық зомбылық арқылы экстремистік әрекеттерге итермелеу, белгілі бір дінге немесе ер мен әйелге тән нәрсе емес. Дегенмен, әйел адамдарды жихадтық топтарға күштеп, зорлық зомбылық арқылы мәжбүрлеу факторлары көптеген ксенофобтық, экстермистік топтарға тән. Сонымен қатар, әйелдердің мүмкін болатын қауіптердің алдын алуда, немесе профилактикалық іс шараларды жүргізуде өте тиімді нәтижелерге қол жеткізетіндігі байқалған.
Жалпы әйелдердің деструктивті ортаға түсуіндегі себептер мен факторлар жиынтығы әртүрлі, бірақ көбіне бұл сол қоғамдағы дәстүр мен салттардың шеңберіндегі, күйеуіне қарсы шықпай артынан еру, отбасын сақтап қалу үшін айтқанын жасау, немесе уайым қайғысыз өмірді аңсап, жалған уәделерге сену, идеалды доктринаның негізіне құрылған әділетті рухани ортаның ханшайымы болуға алдану мен арбаудың құрбаны болу сынды себептер.
Кейде саналы түрде өздері деструктивті ортаны таңдағандар да кездеседі, немесе ата анасы жас қыздарды еркінен тыс радикалды діни идеологияларға мәжбүрлейтін жағдайлар да жоқ емес. Алайда, бұл мәселелердің себептері мен салдарлары, өзіндік факторлары нақты әр қоғамның өзіндік кеңістігнде жеке зерттелуі қажет. Жоғарыда келтірілген мәліметтер, жалпы деструктивтік ортадағы ортақ мәселелер, сонымен қатар Тәжікстан мен Қырғызстандағы 2017ж далалық зерттеулер нәтижесі. Бұл зерттеуде әйелдердің деструктивті діни ортада құқығы тапталатындығы, өмірінің қауіпсіздігі мәселесі, моральдық және физикалық қысым, түрлі зорлық зомбылықты жағдайларды басынан кешірілуі жалпы сауатсыздық пен жеке тұлғаның құқығы қорғалмауымен байланыстырылады. Ондай ақ діни негіздегі әйелдердің құығының шектелуі, тұтас қоғамның гендерлік трансформациясы біздің елдегі діни жағдайға кері ықпалын тигізуі немесе идеологиялық кеңістікте әсерін беру қаупі бар. Бұл тұрғыда еліміздегі дін мен мемлкет қарым қатынастарының заңды реттелуі артықшылықтарын назарға алғанымыз жөн, сонымен қатар дін істері қызметтерінің атқарып отырған, ақпараттық түсіндіру шаралары, дінтанулық сауат арттыру, және де психологиялық көмек көрсету шараларының да маңыздылығын айту шарт. Әрбір қоғам мүшесін тұтас бір мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде бағалап, заңдық құқықтарының қорғалуын реттеп отырған тәуелсіз еліміздің тұғыры мәңгілік болуы, діни тұрақтылықтың кепілі деп білеміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі