Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай

Баяғы  өткен  заманда  Қағанақбас,  Қылкеңірдек,  Ши борбай  үшеуі жолдас екен. 

Бір күні  бұлар  бір тоқты  ұрлап, айдалаға  апарып  сойыпты.  Тоқтыны сойып, етін  қазанға  салайын  деп жатып, Қағанақ басқа:

— Жынын төгіп кел, – деп, қарынды  беріпті. 

Қағанақбас  қарынды  тысқа  алып  шыққанда,  қара  шыбын  қарынға  да, Қағанақбастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қорып, қағамын деп,  Қағанақ бас  қолын  қағыс  сілтеп, өзінің  басын ұрып алыпты. Пияладай жұқатөбесі ойылып, шарана шекесі шарткетіпті. Жұмыртқадай  жұқа бас жарылып, жан беріпті.

«Қағанақ бас қалайша кешікті?» – деп, Шиборбай далаға шыға келсе,  өліп жатқан Қағанақбасты көре салып:

— Әй, әттеген-ай! – деп, екі қолымен екі санын салып қалғанда, шидей борбайы шорт етіп, ол да мүрдем кетіпті.

Шиборбайдың дауысын естіп, Қылкеңірдек сыртқа жүгіріп шығады да, өліп жатқан екі жолдасын көріп:

— Ойбай, бауырларым-ай! – деп дауыстай бергенде, өзінің қыл кеңірдегі қылғынып, тыныс ала алмай үзіліп кетіпті.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

....

Азак екенгои бұның мултфилмі барма

Жұлдыз

«Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай» ертегісі өте қызықты әрі тәрбиелік мәні зор шығарма екен. Оқи отырып, қазақ халық ертегілеріне тән юмор мен астарлы мағына бірден байқалады. Үш кейіпкердің әрекеттері арқылы адам бойындағы қулық, аңқаулық сияқты қасиеттер шебер көрсетілген.

Маған әсіресе ертегінің жеңіл оқылатыны және оқиға желісінің тартымдылығы ұнады. Мұндай қазақ ертегілерін оқу балаларға ғана емес, ересектерге де пайдалы, себебі әрқайсысында өмірлік сабақ бар.

Осындай халық ауыз әдебиеті үлгілерін bilim-all.kz сайтынан оқу өте ыңғайлы екен. Қазақ ертегілерін насихаттап жүрген авторларға үлкен рахмет!

Пікір қалдырыңыз