Талас шайқасы – алғашқы одақтас түрік және ислам әскерлері мен қытай әскерлері арасында болып өткен соғыс. Ислам дінін әлі қабылдамаған түркі халықтары Орта Азияға ислам дінін алып келген арабтармен бірігіп, Қытайларға қарсы соғысқан. Бұл Талас соғысы, себебі мен нәтижесі тұрғысынан өте жоғары маңызға ие болды.
Түрік қағанатын құлатқан Қытайдағы Таң әулеті (618-906) дәуіріндегі Хиванг-Чжанг (713-755), түрік хандықтарының қол астындағы Ташкент (Шаш) қаласын алуды жоспарлайды. Осы мақсатпен Ташкентке жорыққа аттанған Гао Сянь-чжи арадан көп ұзамай Ташкенттің билеушісі Бахадур ханды тұтқынға алып, Қытай императорына жібереді.
Бахадур хан өлтірілгеннен кейін ұлы Туен, қарлұқтардан бастап сол аймақтағы бүкіл түркі тайпаларын Қытайға қарсы соғысқа шақырады. Бірақ Көктүрік мемлекетінің құлдырауынан соң бастары біріге алмаған түріктер, Қытайға қарсы соғыса алмайтындарына көздері жеткендіктен Аббасилерден көмек сұрайды. Зияд бин Салих басшылығында келген ислам әскерлері түріктермен бірігеді. Бұдан хабар алған Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сянь-чжи 100 мың әскермен Талас қаласына келіп, одақтас түрік және араб әскерлерімен соғысады. 751 жылдың шілде айында басталған соғыс бес күн жалғасады. Соғыстың соңғы күнінде Қытай әскеріне арттан келген қарлұқтар ауыр соққы береді. Гао Сянь-чжи аз қалған әскерімен өлімнен әрең аман қалады. Соғыс нәтижесінде Қытайлардың елу мың әскері өліп, жиырма мың әскері тұтқынға алынады.
Талас шайқасының жеңіспен аяқталуы түрік, қытай, ислам және әлем мәдениетінде өте маңызды әсерлер қалдырды. Қытайлар Талас соғысында жеңіліске ұшырағаннан соң ХХ ғасырға дейін Тянь-Шянь тауының батысына өте алмады. Осылайша түркі елдері Қытай қауіпінен құтылды.
Қарлұқтар Талас шайқасынан 15 жылдан кейін 766 жылы Тянь-Шянь тауының батысында және Шу өзенінің жағасында тәуелсіз мемлекет құрды. Түркі халықтары мен мұсылман арабтар арасында еркін сауда және достық қарым-қатынастар басталды. Түріктер мұсылман арабтармен танысып, ислам дінін жақыннан тану мүмкіндігіне қауышты. Ислам дінінің үстемдіктері, мұсылмандардың көркем мінезі, адалдық, ахлақ ұстанымдарынан әсерленген түркілер Исламды көңіл разылығымен қабылдауына себеп болды. Осылайша ХХ ғасырдың басына дейін түркі халықтары жаппай ислам мәдениеті шеңберіне енді.
Түріктер арабтарға қағаз жасауды үйретті. Самарқандтағы цехтарда жібектен жасалған қағаздар Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіне таралды. Мұсылман арабтар қол астындағы аймақтардан үйренген қағазды өндіріп, мәдениеттің бүкіл әлемге қарқынды түрде таралуына қызмет етті.
Түріктер ислам дінін қабылдағаннан соң ислам дінін бүкіл мал-мүліктерімен, жан-тәнімен қолдап, қамқор болып, өздерін бұл ұлы дінге арнады. Тіпті бұл аманатты арабтардан алып, «Илаһи кәлиматуллаһ» байрағын әлемнің басқа елдерінде желбіретті. Орталық Азия өлкесі әлемнің ең үлкен ислам мемлекеттері халіне келді. Мыңдаған ғалым, әулие және мемлекет қайраткерлері жетіліп, жүз мыңдаған кітаптар жазылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Bain
Талас шайқасы болмағанда қытайларың бізді басып алармеді?Nurgali
Ulken rahmet,tarihtan biraz maglumat aldyq.
Nurgali
Улкен рахмет ,Исламнын казак даласына кашан келгенине енди жауап таптым
Бекбай
Түркілер неге бөлшектеніп кетті?... Түркілердің жері, мемлекттігі, тілі, бір Құдайға табынған діні, мәдениеті, жазбасы, қалалары болмап па еді? Біздерді қазіргі заманғы, орыс пен қытайға жалтақтаудың сара жолын салып берген, арабтар емес пе еді. Түркі қағандары, ежелгі түркінің , руна жазбасымен жазып кеткен Білге , Күлтегін, Тоныкөк, Мұқан, Істеми, Сұлық қағандардың аманаты тіпті қазіргі, ұрпақтың санасына да кіріп шықпайды. Жер жүзін айбарымен дірілдеткен Түркі Қағанатын тәуелсіздігінен , елдігінен айырған сол арабтар. Араб халифаты, Түркі Қағанатына қарсы 106 жылдық шапқыншылығын жасады, 645-751 жылдар. Арабтардың бір ғасырдан астам соғысынан қажыған Түркі Қағанатына, 730 жылдан бастап Тан-қытай империясы да басқыншылығын бастап кетті. 751 жылы Тараз маңында Атлах деп аталған жерде, Түркілер қоршауда қалды... тарихтағы кейінгі заманда Абылай хан, түркілердің қалай қыспақтан шыққан тактикасын қолданып, қытайға жоңғарды қырғызып, орысқа сес берген. Тарихтағы 751 Атлах шайқасында түркілер саналы түрде әскери кеңестің шешімімен, ертедегі Геродоттың жазбасына сай, Сақ заманынан келе жатқан, "алауыздық - алдамсырату" тактикасын алғаш қолданды. Түркі әскері арнайы, екіге жарылып бірі тарабы арабқа қосылса, бір тарабы қытай әскеріне қосылды. Енді амалсыз ойламаған жерден қытай мен араб бір-бірімен шайқасты. Шайқаста Түркілер, есебін іске асырып, арабты, да қытайды, да ту сыртынан қырғынға ұшыратты. Қытай шегініп қашты, олардың қалдыған, түркінің татаб және ұйғыр тайпалары талқандады. Ал иттей болып қансыраған арабтар Түркілермен келісім шартқа келуіне тура келді. Сондықтан тіпті X ғасырға дейін араб әскері Тараздан ары жылжи алмады. Бірақ залымдықтары, қытайдан да асып түскен арабтар Түркі Қағанатын, 58 ұлысқа бөлшектеп түркілерді тәуелсіздігінен айырып құлатты. Түркі Дүниесі сол заманан бері, қараңғылық пен надандық астында, санасы уланған Түркіге енді бірігу жоқ... арбияға қарап, қанша тоңқайсаң да, қараңғылық... Өйткені зорлықпен енген арабтың діні, ежелден келе жатқан Түркі дүниесінің рухани құндылықтарын, өзіндік мәдениетін бірлігін,бүтін бір мәңгі ел болатын этностық қалыптасуын жойды, қараңғы араб бірінші өздері иманға келіп алсын. Абайдан бұрын жазба әдебиттің негізін салған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы былай деген екен- " Күні өтер арабтардың бір жиынсыз. Кейде бір іс көресің тым сыйымсыз. Біріне бірі дағы су татырмас. Бір құрма бермейді екен бір тиынсыз. Ағашы тарбиыңқы, терегі жоқ. Адамы жаны ұсақ, ерегі жоқ. Қара су өліп жатсаң тамызбайды. Мұсылман мұндай болса, керегі жоқ" .