Туған күн — адам өміріндегі ең ерекше, ең жүрекжарды сәттердің бірі. Бұл күні әркім жылы сөз естіп, өзіне жақын адамдардың ықыласын сезінгісі келеді. Ал әдемі айтылған тілек — жай ғана сөз емес, ол жүректен шыққан мейірім мен жақсы энергияның көрінісі. Төменде сіз өмірдің әр саласындағы адамдарға арналған әсерлі, заманауи әрі креативті тілектерді таба аласыз.
Туған күніңмен, айналасын күлкісімен емдеп жүрген жарығым! Өміріңнің әр таңын қуанышпен қарсы алып, әр күніңді рақатпен аяқта. Жаның тыныш, жүрегің нұрлы болсын. Бақыт пен шабыт саған серік болып, ең тамаша сәттер тек алда болғай!
Бүгін – сенің күнің, ғалам саған күлімдеген сәт! Күн сәулесі саған ғана төгіліп, жел саған ғана сыбырлайды. Армандарың ақиқатқа айналып, өмірің гүл мен жарыққа толсын!
Туған күніңмен, менің ерекше адамым! Сенің энергияң мен жылылығың айналаңды нұрға бөлейді. Саған шексіз позитив, жақсы адамдар мен керемет жаңалықтар тілеймін. Өмірің — Netflix-тегі ең қызықты сериалдай болсын: күтпеген, бірақ әр сериясы ғажайып!
Сен туған күн – аспан да ерекше ашылады, күн нұры сенің күлкіңе шашылады. Уақыт жылжиды, бірақ сенің жаның – мәңгі шуақты көктем, жарқыраған жаз. Бақыт пен махаббат – сенің тұрақты серігің болсын!
Бұл өмір — сенің кітабың боса, бүгін жаңа тарау басталды. Оны батылдықпен, жүрекпен, шабытпен жаз! Сенің арманың — Google Maps-та жоқ, ол тек сенің жүрегіңде. Сол бағыттан тайма. Туған күнің — қайта бастау емес, тағы бір мүмкіндіктің есігі. Аш та, кір!
Туған күніңмен! Сен — осы өмірдің ең жарқын бөлшегісің. Бүгін әлем сенің күлкіңмен әдеміленіп, әр басқан қадамыңмен жер беті жылынды. Күн сайын бақыт, шабыт және үлкен махаббат тілеймін. Арманың асқақ, қадамың нық болсын!
Құрметтім, туған күніңізбен! Жұмыста табыс, өмірде шаттық, көңілде тыныштық тілеймін. Әр күніңіз жаңа мүмкіндік пен қуанышқа толы болсын! Жақын-жуықтардың арасында күліп-ойнап жүре беріңіз!
Туған күніңмен, жүрегімнің ең жылы бұрышы! Сенің күлкің — менің күн сәулем, сенің арманың — менің тілегім. Бүгін сенің көзіңнен әлем сәл әдемірек, аспан сәл ашығырақ көрінеді. Лайым солай бола берсін!
Туған күнің құтты болсын, жарығым! Бақыт сенің тұрақты мекенің болсын. Күнің — жарық, жаның — тыныш, жолың — ашық болсын. Әлем сенің мейіріміңмен мейірленсін. Бұл әлем сенің, сен осы әлемнің шуағын сезініп, өмірдің әр сәтінен қызық алып жүре бер!
Бүгін — сенің өмір кітабыңның ең жарық беті ашылды. Күн нұры сенің күлкіңе, жел үні сенің арманыңа толы болсын. Жаның тыныштыққа, ойың шабытқа, ал жүрегің махаббатқа толып тұрсын. Бақыт сенің қасыңнан кетпей, әр таң жаңа үмітпен басталсын. Өмірің — гүлдей әсем, аспандай кең, судай мөлдір болсын.
Туған күнің құтты болсын! Армандарың алдамасын, үміттерің ақталып, көздегеніңе жет!
*** *** ***
Жекеменшік мерекеңмен құттықтаймын! Алланың берері мол болсын, несібең молайып, ырысың еселеніп, табысың өсе берсін!
*** *** ***
Туған күнің құтты болсын! Жаңа жасың жақсылыққа, жағымды жаңалықтарға, қуанышты сәттерге, бақытты күндерге толы болсын!
*** *** ***
Бұл өмірдегі шын бақытты адамдардың бірі бол! Әр күнің керемет мүмкіндіктерге жол ашып, тамаша жаңалықтар әкелсін, үйіңнен құт-береке кетпесін!
*** *** ***
Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын. Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, Алланың берер бар несібесін көретіндей денсаулығыңыз мықты болғай!
*** *** ***
Жарық күндерің нұрға, жүрегің махаббатқа, құшағың гүлге толсын! Көзіңде күн күліп, көкейіңде бақыт құсы сайрасын!
*** *** ***
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
*** *** ***
Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.
*** *** ***
Туған күніңіз құтты болсын! Жан жарыңмен тек бақытты күн кешіңіздер! Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан анашым сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.
*** *** ***
Жаңа жасың құтты болсын! Әрдайым жарқырап-жайнап, ортаңның гүлі, ата-анаңның көз нұры болып жүре бер! Жолың қашан да ашық, айналаңда жақсы адамдар болсын!
*** *** ***
Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.
Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілеймін! Жадырап, жайнап күл, ойна, бақыттың сәтін күнде тойла!
Туған күн құттықтау! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Туған күн — ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн — біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
———————
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы! Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы – өнерлі бол.
* * * * *
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз! Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың! Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа – гүл, келбетіңе – нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас, басыңа бас қосылсын!
Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың – асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
Қуанышты, бақытты күндер көп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. андарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.
Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!
Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын
* * * * *
Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!
Уақыт – ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бақытпен жет.
Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген – сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген – біреулер үшін – ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!
Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!
Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін
Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
Жанар
Осы тілектер жинағын кездейсоқ ашып қарап едім, бірден әлеуметтік желідегі досымның туған күніне қандай жылы лебіз қалдырарымды тауып алдым. Өте ыңғайлы жинақ болыпты! Жинақты әзірлеушілерге үлкен рахмет! Барша оқырманға да осы жинақтан өзіне қажетті, дәл қазіргі көңіл-күйіне сай тілек таба алатынына сенімдімін. 🎉✨