Өлең, жыр, ақындар

Nokia: қағаздан картографияға дейін, энергетикадан смартфондарға дейін

Nokia фин компаниясы өз бастауын 1865 жылдан алады. Жүз елу жыл ішінде компания электр өндірді, қағаз бен газтұтқыш (противогаз) жасап шығарды, компьютерлер мен телефон станцияларына телекоммуникация жабдықтарын сатты. Компания ұялы телефондар бөлімшесін Microsoft-қа сатып жіберсе де, ұялы телефондар брендінің ішіндегі ең танымалы болып қала береді.

Нокиа

Инженер Фредерик Идестам 1895 жылы Финляндияның оңтүстік-батысында қағаз фабрикасын ашып, 1871 жылы оның атауын Nokia Ab деп ауыстырады. Саясаткер әрі қоғам қайраткері Леопольд Мехелин де бұл компанияның екінші басшысы болады. Мехелин электроэнергия өндіру және кабель шығарумен айналыспақ болады, бірақ Идестам бұған келіспейді. Осылайша 1896 жылы ол басшылық қызметінен айрылып қалады. Сол кезде саясаткер компанияның акционерлеріне осы идеясын ұсынады, және 1902 жылы Nokia Ab компаниясының басты қызметі электроэнергия өндіру болады.

1898 жылы құрылған, резеңке бұйымдарды шығарумен айналысатын Finnish Rubber Works 1922 жылы Nokia Ab мен 1912 жылы құрылған Finnish Cable Works компанияларының контрольдық пакеттерін сатып алады, ал 1967 жылы барлық үш компания – ішіндегі ең кішкентайы Nokia Ab-ға топтастырылады. Жаңа компания резеңке бұйымдарды, кабельдер мен электроника шығарды, ағаш өңдеді және электр энергияны өндірумен айналысты. Әр кезеңде компания аяқ-киім, теледидар, компьютер, электрогенератор, робототехника, газтұтқыш, химикаттар, соның ішінде әскерге керек-жарақтарды шығарып отырды. 

Компанияның электроника бойынша бірінші бөлімі 1960 жылы Nokia Corporation президентінің басшылығымен ашылды. 1980 жылдың басында компания бірнеше электрондық компанияларды сатып алды, осылайша 1987 жылы Nokia-ның басты кәсібі тұрмыстық электроника болды. Nokia Еуропада теледидар шығаратын үшінші ірі компания саналды.

Нокиа теледидары

1969 жылы Nokia импульстік-кодтық модуляция негізіндегі коммутаторды жасаған және телефония мен телеграфия консультациялық комитетінің халықаралық стандарттарына сай келетін ИКМ-ді аппаратураларды сататын алғашқы компания болды. Осылайша компания телекоммуникация нарығына шығады. 

ЭАТС Nokia DX200

1980 жылдың соңында әлемдік экономиканың құлдырауынан компания дағдарысқа ұшырап, қызметінің көптеген түрлерінен бас тартуға мәжбүр болады. Сол кездері ол телекоммуникациялық жабдықтарға ден қойып, жеке тәуелсіз бизнес Nokian Renkaat-ты ашады.

Nokian

 

Nokian жарнамалары

 

1960 жылдары компания жаңадан негізі қаланған GSM – ARP технологиясымен жұмысты бастайды. Бұл ұялы байланыстың тұңғыш стандарттарының бірі еді. Nokia Salora Oy компаниясымен жұмыс істейді, біріккен өнеркәсіп Mobira Oy деген атау алады. 1981 жылы Mobira толыққанды автоматтандырылған ұялы байланыс желісін іске қосады, ал 1982 жылы NMT-450 желілерінде жұмыс істейтін Mobira Senator автомобиль телефонын ұсынады. 1984 жылы Nokia Salora Oy бөлімшесін сатып алып, өз бөлімшесін Nokia-Mobira деп өзгертеді. 

1980 жылы Nokia-ның Nokia Data бөлімшесі болды. Бұл бөлімше MikroMikko дербес компьютерлерді шығаратын. 1991 жылы бөлімшені International Computers Limited британ компаниясы, ал кейін Fujitsu сатып алады. MikroMikko компьютерлерін Fujitsu компаниясы ErgoPro брендімен сататын.

1992 жылы Nokia директоры Йорма Оллила компания үшін стратегиялық шешім қабылдады: Nokia тек телекоммуникациялық бизнеске негізделетін болды. Осылайша Nokia 2009 жылға дейін ұялы телефон шығаратын ең ірі компания саналды. 


2013 жылы сатылған смартфондар мен қарапайым телефондар жағынан Nokia Ресейде Samsung-ты басып озды. Алайда бір-бірлеп есептеу жағынан ұтқанымен, компания табыс жағынан зор нәтижеге қол жеткізе алмады. Кейін, 2014 жылы, Nokia-ның мобильдік бөлімшесі Microsoft компаниясына сатылды. Ол болса 2015 жылы 7,8 мың қызметкерін жұмыстан шығарып, Nokia активтерін жоққа шығарды. 

Дегенмен Nokia жұмысын жалғастырып келеді, оған қоса табысын да көтеріп жатыр. 2015 жылы компанияға басты табысты Nokia Networks бөлімшесі әкеліп отыр. Осы жылдың 3 тоқсанында бұл бөлімшеден түскен пайда 8,28 миллиард евроға жеткен. Компанияны банкрот деп жариялауға әлі ерте, тіпті смартфондар бизнесінде де: компания Alcatel-Lucent-ті 15,6 миллиард евроға сатып алмақшы. Microsoft-пен келісім бойынша компания Nokia брендімен телефондарды 2023 жылға дейін шығара алмайды, ал Alcatel-Lucent-тің мұндай міндеттемелері 2015 жылы аяқталады. Сондықтан 2016 жылы жаңа (немесе ескі) ойыншының нарыққа қайта шығуын бақылауымыз әбден мүмкін. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Аман

Қызық мақала екен! осындай ірі компаниялардың тарихын оқыған ұнайды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар