ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылғы қазан айының соңы мен қарашаның басында Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешенінде балалардың жаппай тамақтан улануына байланысты тиісті шаралар алынды.
БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандарованың айтуынша, Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісіне сәйкес асхананың 16 қызметкері жұмысынан босатылып, орнына жаңадан адамдар алынды. Қызметтік міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін мектеп директоры мен 7 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі кезде аталмыш мектепте 943 оқушы білім алса, соның 570-і тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұлардың ішінде 214-і интернатта жатады, 296-сы - бастауыш сынып шәкірттері, 60-ы - әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары, жетімдер, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Қалған оқушыларға буфетте ақылы қызмет көрсетіледі.
Айта кетейік, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі