АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделуі тиіс. Бұл туралы бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту: аккредитация және кадрлар дайындау сапасының кепілі» атты 46-шы республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлім етті.
«Өкінішке қарай, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары, оқыту үдерісі өндіріспен әлі де болса әлсіз үйлестірілген. Әрине, кәсіби стандарттар әзірленіп-ақ жатыр. Бірақ, олардың барлығы бірдей жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтымайды. Қазіргі таңда еліміздегі 137 кәсіби стандарттың ішінде тек 56 стандартта ғана жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге деген кәсіптік талаптар мен құзыреттер шынайы көрсетілген. Бұл нені білдіреді?
Яғни, біз әлі де болса білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттардың талаптарына негіздеп жасап жатқан жоқпыз. Осы себептен де еңбек нарығының, жұмыс берушілердің жоғары білім жүйесіне, жас мамандардың біліктілігіне көңілдері толмайды. Кезінде академиялық қауымдастық кәсіби стандарттарды, талаптарды әзірлеуді жұмыс берушілердің өздеріне тапсырған болатын. Бірақ, олар мұндай жұмысқа дайын болмай шықты. Сондықтан бұл жұмысты бірлесе атқаруымыз қажет. Оқу үдерісі мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнауы тиіс. Сонда ғана бүгінгі жаhандану заманында бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар даярлауға болады», - деді С. Өмірбаев.
inform.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі