Павлодар облысы Качир ауданы Трофимовка орта мектебінде еліміздегі асық ойнайтын алғашқы үстел жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Идея авторы Берік Әбдірахмановтың айтуынша, үстелдің диаметрі бір метрді құрайды.
- Мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесі бар, онда тоғызқұмалақтан басқа дойбы, шахмат және асық ойындары үйретіледі. Әр ойынның арнайы үстелі бар, ал асық ойнайтын жиһаз жоқ. Сондықтан арнайы үстелді жасауға бел будым, - дейді Б. Әбдірахманов.
Трофимовка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін Берік Әбдірахмановтың айтуынша, бұл - асық ойнайтын үстелдің үшінші түрі.
-Бірінші түрі төрт бұрышты болған еді, кейін оны сегізбұрышты етіп жасадым. Алайда шеңберлісі ең ыңғайлысы деген тұжырымға келдім. Алдағы уақытта мұны да түрлендіруді ойлап отырмын. Себебі ұтып алған асықтарды орналастыратын арнайы жерлер жоқ. Үстел ханталапай ойынына арналған, - деп атап өтті автор.
37 жасар шебер келешекте қазақтың ұлттық ойыны сақаны үйірмеге енгізуді жоспарлауда. Айтуынша, далада өткізілетін ойынға арнайы орын да белгіленіп қойған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі