Қарашаның соңғы күндерінің бірі электрондық поштаның туған күні болып саналады. Дәл осы күндері америкалық программашы Рэй Томлинсон әріптестеріне алыстан хабарлама жіберген болатын.
70-жылдардың басында Рэй Томлинсон Bolt Beranek and Newman (BBN) компаниясында жұмыс істеді. Олар көбіне АҚШ Сыртқы істер министрлігінің тапсырыстарын орындайтын. 1968 жылы ARPA әскери агенттігі оларға болашағы зор ARPANET компьютерлік желісінің құрылысына қатысуға ұсыныс білдіреді. 1971 жылы, қатардағы инженер Рэй Томлинсон электрондық хабарламаларды жіберіп және қабылдай алатын программаны жасауға кіріседі. Оған ағылшын «Send Message» деген сөз тіркесінен шыққан SNDMSG деген атау беріледі. Сонау 60-жылдардан бастап қысқа электрондық хабарламалармен алмасуға мүмкіндік берген арнайы программалар болған.
Дегенмен, мұндай мүмкіндік тек бір машинаның түрлі терминалдарында жұмыс істейтін қолданушыларға берілген болатын. SNDMSG бастапқыда жергілікті тұтынуға негізделген болатын, алайда ол біршама өзгеше еді, себебі әр қолданушы жеке «электрондық жәшігін» ашуы керек болған. Мұндай жәшік қарапайым мәтіндік файлдан тұратын болған және соңына жүйеге рұқсаты бар кез келген адам өз хабарламасын жаза алатын болған. Сонымен бірге пошталық программа «хат жіберушіге» таңдалған файлды тек толықтырып отыруға ғана мүмкіндік беретін. Хабарламалардың толық тізімін көруге және оны өңдеуге «пошта жәшігінің» иесінің ғана құқығы болған.
Жаңа пошта жүйесін программалаумен бір мезетте Томлинсонға CYPNET тәжірибелік протоколды құрастырумен айналысуға ұсыныс түседі. CYPNET тәжірибелік протоколы сол кезеңде 15 тораптан құралып үлгерген ARPANET желісі арқылы әр жердегі компьютерлер арасында файл алмасуға мүмкіндік беру үшін жасалған болатын. Бірнеше айдан кейін осы кезге дейін параллель жұмыс істеп келген жұмыстарды бір жерде байланыстыруға бел буады. Протокол мен SNDMSG-ді байланыстыру жолындағы жалғыз қолайсыздық, CYPNET бастапқыда файлдарды тасымалдау үшін (яғни жіберу және қабылдап алу) құрастырылған болатын және компьютерде бар файлға хабарламаларды толықтыруға мүмкіндік бермейтін.
Дегенмен, екі бағдарламаның авторы Томлинсонға бұл мәселені шешу қиынға соқпады – программашы үш сағат ішінде протоколдың бастапқы кодына аздап түзету енгізіп, екі жүйені бір бүтінге біріктірді. Ендігі мәселе келетін және кететін поштаны адрестеу болатын. Программаны бір ортақ компьютерде жұмыс істейтін «өз» қолданушылары мен ARPANET желісі арқылы электрондық хабарлама жіберуді талап ететін «өзгелерді» ажыратып алуды үйрету керек болатын. Электронды пошта даму сатысының дәл осы кезеңінде Рэй Томлинсон қолданушының аты мен оның орналасқан жерін бөліп қарастыратын символды енгізеді. Пернетақта символдарын бірнеше сағат бойы егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, ол таңдау аясы кең емес екенін түсінеді.
Ол бірнеше секундта «@» символын таңдап алады. Пошта адресаттарында дәл осы символды пайдалану программашының пікірінше айқын болатын: телекс байланысында (сауда да) «@» симолы «at» ағылшын көмекші сөзін білдіретін, сондықтан 70-ші жылдардың өзінде ол компьютер мамандарының арасында кең таралған еді. Пошта адресін жазған уақытта «@» символын белгілеу пошта жәшігі жергіліктіден өзге «торапта» екенін білдіретін. Адресте осындай символды көргенде, пошталық программа хатты желі арқылы жіберу керегін түсінуі керек болатын, себебі бұл ARPANET желісіндегі «өзге» тораптағы, алыстағы пошта жәшігі. Енді пошта жүйесінің жұмысын дұрыстығы мен жұмыс істеп тұрғандығын тексеру ғана қалды. Ол үшін Томлинсон BBN-ды қолдана алатын және ARPANET-ке қосылған PDP-10 екі бірдей есептеуіш машинасын пайдаланды. Дәл сол кезде SNDMSG арқылы ARPANET желісіндегі «өз» компьютерінен «өзге» компьютерге жіберілген ең бірінші электронды хат жарық көрді.
SNDMSG шынымен жұмыс істейтініне көзі жеткен Томлинсон әріптестеріне программаның жаңа мүмкіндіктері жайлы жазылған хабарлама таратады. Алыстағы пошта жәшіктеріне хабарлама жіберу үшін хат алатын адам (оны жәшігінің аты) мен қабылдап алушы қосылған тораптың атының арасына «@» символын жазу керек болатын. Электрондық пошта шындыққа айналды, ал оны тұңғыш рет тәжірибеде пайдалану – оның пайда болуы жайлы хабар тарату болды.
Бірнеше күн ішінде SNDMSG ең көп қолданылатын желілік бағдарлама болды. ARPANET арқылы хабар тарату жүйесі жетілдірілген соң бір кабинетте бір-біріне қарама-қарсы отырған әріптестер де электрондық пошта арқылы сөйлесуге кірісті. Екі жыл ішінде ARPANET трафигінің 75%-ы электрондық пошта хабарламаларынан тұрды. Бұған өз себебі де бар. Жаңа қосымша әр қалада жұмыс істейтін программашы-құрастырушылардың бір-бірімен хат алмасу қажеттілігін қанағаттандырды. Электронды поштаның қарапайым погштадан, телефон арқылы байланысқа қарағанда ең бір артықшылығы оның еркіндігінде болатын.
Құрастырушылардың командасындағы кез келген біреу өз ұсыныстарын тікелей бастыққа немесе басқа институттағы танымайтын бір әріптесіне жібере алатын болған. Және де хат бірнеше секундта адресатқа жетеді, ал «хат жоғалып қалды» немесе «телефонмен сөйлесуге уақыт болмады» деген ақталулар қабылданбайтын.
Дәл осындай электрондық пошта жасауды алдын ала ешкім жоспарлаған жоқ. ARPANET-пен жұмыс істеген программашылар мен инженерлер үшін электрондық хабарламалармен алмасу жүйесінің пайда болуы жобаларының орынды дамуының нәтижесі болды және таңғажайып деп қабылданбады. Сол себепті әріптестерінің таза энтузиазмымен дүниеге келген бұл жаңалығын тез арада қолданысқа енгізді. ARPANET желісінің стратегиялық даму жоспарымен айналысатын ресми құрастырушыларына электрондық жәшікті байланыс құралы ретінде қабылдауға кемінде 5 жыл уақыт қажет болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі