Бәрімізге мәлім, құпия сөздердің қиындығы кибер-қылмыскерлердің біздің сандық өмірімізге енуіне едәуір тосқауыл болады. Құпия сөздерді барынша күрделі ету - желідегі жеке мәліметтеріңізді ешкім ұрламайтынына белгілі дәрежеде кепіл береді. Дегенмен, көптеген адамдар бұл мәселеге мән бермей, хакерлермен қауіпті ойын ойнайтыны да жасырын емес.
Ақпараттық қауіпсіздікпен айналысатын Splash Data компаниясы жақында 1 жыл ішінде ең көп ұрланған танымал құпия сөздерді жариялады. Мақала көптеген адамдардың ескертулерге қарамай, бұрынғы әдетіне басқанына таңданыс білдірген.
3 жыл қатарынан ең көп қолданылған құпия сөз - 123456 сандары екен. 2 орынды иеленген password сөзі. Дегенмен, кейбір желі қолданушыларының о әрпі орнына 0 санын қойғаны белгілі болды. Сонда password емес, passw0rd болып шығады. Алайда, бұл әдіс - хакерлерге кедергі болмаған.
Поп-мәдениеттің адамдар өміріне мықтылап енгенін, “starwars”, “princess” и “solo" - құпия сөздерiнен байқауға болады. Десе де, кибер-қылмыскерлер арасында “Жұлдызды соғыстар“ фильмінің жанкүйерлері бар екенін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі