БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады

Басты бет / Әлем жаңалықтары / БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады

БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады — Әлем жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — БҰҰ, дамыған елдер, нашар елдер, Азия елдері — осы тақырыптарға байланысты.

Африканың 30-дан астам елі, бірқатар Азия және арал елдері әлемдегі ең аз дамыған елдердің тізіміне енді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясында (ЮНКТАД) нашар дамыған елдер туралы баяндамада айтылған.

Тізімде 47 мемлекет бар. Бұл негізінен Африка елдері, оның ішінде Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, ОАР, Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эритрея, Эфиопия, Гамбия, Мадагаскар, Мали, Судан, Оңтүстік Судан, Уганда, Замбия және басқалар. Сондай-ақ тізімге Мұхит аралдары Кирибати, Тувалу, Вануату, Соломон кірді. Үшінші топ — Азия елдері: Ауғанстан, Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Непал, Йемен және Бутан.

«Біз барлық елдерді үш критерий бойынша талдаймыз», — деп түсіндірді ЮНКТАД өкілі Шантал Карпентье, — «Біріншіден, бұл жан басына шаққандағы табыс, біз бұл көрсеткіші 1230 доллардан төмен елдерді қарастырамыз.

Бірақ бізге басқа да көрсетікштер қажет, өйткені өте кішкентай елдер бар және егер олардың азаматтарының бірі, мысалы, футболшы болып мемлекеттен кетсе, өте үлкен жалақы алатын болса, онда бұл бүкіл мемлекеттің көрсеткішін өзгертеді», — деді ол.

«Сондықтан біз сонымен қатар тамақтану, денсаулық, білім және сауаттылық көрсеткіштеріне негізделген адам ресурстарының әлсіздік критерийін және экономикасының осал тұстарын яғни климаттық, ауыл шаруашылық, экономикалық көрсеткіштерін, табиғи апатқа ұшырау жағдайын талдаймыз», — дейді өкіл. 

Осы есеп негізінде және тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰ осы елдердің басшыларына жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Ең алғаш баяндама құрылған уақыттан теріс рейтинг тізімінен тек бес мемлекет қана шықты — Ботсвана, Кабо-Верде, Экваторлық Гвинея, Мальдивтер және Самоа.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты

Оқуға кеңес береміз:

БҰҰ күні: ұйымның халықаралық құрамының тарихы және оның ресми тілдері

Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Айша♡

ойланатын нәрсе

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады деген не?

Бұл бетте БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әлем жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

БҰҰ әлемде ең нашар дамыған 47 елді атады материалы Әлем жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әлем жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар БҰҰ тақырыбындағы материалдар дамыған елдер тақырыбындағы материалдар нашар елдер тақырыбындағы материалдар Азия елдері тақырыбындағы материалдар Африка елдері тақырыбындағы материалдар