Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді

Басты бет / Әлем жаңалықтары / Білім, ғылым, мәдениет / Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді

Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Білім, ЖОО-лар, Әлем, Британия — осы тақырыптарға байланысты.

Британия Үкіметі 2020 жылдан бастап, университетті тәмамдаған шетелдік студенттерге 2 жыл елде қалуға және жұмыс істеуге рұқсат етеді. Осылайша Премьер Борис Джонсон экс-Ішкі істер министрі Тереза Мэй енгізген иммиграциямен күрес тәсілдерін тоқтатты, деп ВВС хабарлайды.

Университетті аяқтап, диплом алған шетелдік студенттер бұрын Британияда 2 жыл қалып, жұмыс істей алатын еді. 2012 жылдан бастап Тереза Мэйдің шешімімен бұл мерзім 4 айға шектелді.

2012 жылы премьер-министр Дэвид Кэмерон жылына Британияға келетін жүз мың адамның санын он мыңға азайтуға уәде беріп, Ішкі істер министрі Тереза Мэй миграцияны іс жүзінде шектеуге көшті.

Дегенмен, көп ұзамай ел Үкіметінің бұл саясаты құрдымға кетті. Британия Еуроодақтың құрамында болғандықтан, одақтың кез келген елінің азаматы емін-еркін кіріп-шығу құқығына ие. 2012 жылдың басында ғана азайған миграция, кейін бірден өсіп, жылына келетін адамдар саны 260 мыңға артып кетті.

Шілдеде Борис Джонсон премьер-министр қызметіне келген соң, ережені өзгертті. Тұрғылықты қалу немесе еңбек ету визасы Еуроодақтан Британияға шығып кетсе де, одақ елдеріне бірдей берілетін болды.

Қазіргі таңда Британияда бас-аяғы 460 мың шетелдік студент оқиды, олар жылына 20 миллиард фунтқа дейін пайда әкеледі.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді деген не?

Бұл бетте Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге рұқсат етеді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Білім тақырыбындағы материалдар ЖОО-лар тақырыбындағы материалдар Әлем тақырыбындағы материалдар Британия тақырыбындағы материалдар