Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — ҰБТ шекті баллдары, Грант, конкурс, өтініштер қабылдау — осы тақырыптарға байланысты.

2025 жылғы 13 шілде мен 20 тамыз аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

ҰБТ шекті баллдары

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша — кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша — кемінде 70 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 50 балл;

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін — кемінде 50 балл.

Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.

Айта кетейік, 2025 жылы «Цифрлық университет» қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Жанару

Мен жанарумын

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар ҰБТ шекті баллдары тақырыбындағы мақалалар Грант тақырыбындағы мақалалар конкурс тақырыбындағы мақалалар өтініштер қабылдау тақырыбындағы мақалалар гранттар конкурсы тақырыбындағы мақалалар құжаттар тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды деген не?

Бұл бетте Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.