Өлең, жыр, ақындар

Білім гранттарын бөлу процесіне ешкім араласа алмайды — БҒМ

Білім гранттарын бөлу процесіне бөгде адамдар араласа алмайды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім гранттарын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижесі бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтыны анықталды.

«Аталған тексеру грант бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, грант бөлу туралы деректер тізім жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланғанға дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады» делінген хабарламада.

Орталық мамандары тізім жасауға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді.

Айта кетейік, аталған тексеру барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар