Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Ұбт, Ұлттық тестілеу орталығы, оқу орындары, тестілеу — осы тақырыптарға байланысты.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

ҰБТ-ға дайындықты жақсарту мақсатында жаттықтандыру тесті іске қосылды. Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды. Сондай-ақ, барлық талапкер үшін тестілеу бағдарламасында калькулятор, периодтық кесте және ерігіштік кестесі қолжетімді болады.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (6)

амина

мукагали акулар уйыктагнда

Сезім

Менің өміріме басқа жаққа бұрып әкетеді
Сен неге ондай
Авсо

Аймерей

Адам

ҰБТ

ҰБТ

Ата анама рахиет

Мама рахмет

Әмина

...

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар Ұбт тақырыбындағы мақалалар Ұлттық тестілеу орталығы тақырыбындағы мақалалар оқу орындары тақырыбындағы мақалалар тестілеу тақырыбындағы мақалалар өтініш қабылдау тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады деген не?

Бұл бетте Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталады тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.