210 мың талапкер ҰБТ тапсырды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / 210 мың талапкер ҰБТ тапсырды

210 мың талапкер ҰБТ тапсырды — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — талапкер, ҰБТ, ҰБТ 2025, Электронды формат — осы тақырыптарға байланысты.

210 мыңнан астам талапкер 2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 76,5%-ға жуығы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылған. Осылайша, 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды.

Тестілеу қорытындысы бойынша 161 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек жинады. 598 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 681 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Электронды форматта өтетін ҰБТ-да апелляцияға беру оңай, әрі ыңғайлы. Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бірден апелляцияға электрондық форматта өтініш береді. Биыл апелляцияға 92 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 104 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

– ҰБТ өткізу кезеңінде 711 ереже бұзушылық тіркелді. Тыйым салынған құрылғыларды – смартфондар, смарт-сағаттар, микроқұлаққаптар мен шпаргалкалар алып өтуге тырысу жағдайлары жиі болды. Осы себептерге байланысты 326 талапкер тестілеуден өте алмады. Тестілеу барысында аудиториялардан 380 қатысушы шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды. Бейнежазбаларды қарау нәтижесінде қосымша тағы 5 адамның нәтижелері жойылды, - делінген министрлік хабарламасында. 

Бейнежазбаларға талдау жүргізу осы жылдың 31 қазанына дейін жалғасады. Бұл барлық қатысушы үшін нәтижелердің адалдығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Казахыстан

Елдар

Жанару

Күшті

Мейірман

Маған қызық болды

Мейірман

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

210 мың талапкер ҰБТ тапсырды материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар талапкер тақырыбындағы мақалалар ҰБТ тақырыбындағы мақалалар ҰБТ 2025 тақырыбындағы мақалалар Электронды формат тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

210 мың талапкер ҰБТ тапсырды деген не?

Бұл бетте 210 мың талапкер ҰБТ тапсырды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.