«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / «Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады

«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Үздік педагог, сыйақы, кәсіби шеберлік, мұғалім — осы тақырыптарға байланысты.

Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған.

Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Жарысқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1-кезең — аудандық, қалалық деңгей (8-25 шілде);

2-кезең — облыстық деңгей (28 шілде- 15 тамыз);

3-кезең — республикалық деңгей (18 тамыз — 18 қыркүйек).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.

— «Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Олар — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері, — делінген министрлік хабарламасында.

Байқауға қатысу туралы қосымша ақпаратпен Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан танысуға болады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Акжурек

Сурактар онай

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар Үздік педагог тақырыбындағы мақалалар сыйақы тақырыбындағы мақалалар кәсіби шеберлік тақырыбындағы мақалалар мұғалім тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады деген не?

Бұл бетте «Үздік педагог» атағының иегері 4 млн теңгеге жуық сыйақы алады тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.