Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады? — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Оқушы, көктемгі каникул, неше күн демалады, 3 тоқсан — осы тақырыптарға байланысты.

 Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21 наурызы мен 2025 жылдың 31 наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

— Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (5)

Aidana

123456789

Aidana

Aidana 20th

Кәусар

Жақсы

Кәусар

Ән

Кәусар

Өте керкемет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады? материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар Оқушы тақырыбындағы мақалалар көктемгі каникул тақырыбындағы мақалалар неше күн демалады тақырыбындағы мақалалар 3 тоқсан тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады? деген не?

Бұл бетте Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.