Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді

Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — қауіпсіздік сабағы, оқушы, мектеп, білім — осы тақырыптарға байланысты.

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабағы басталды. Бұл сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады.

«Сабақтар балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, балалардың әртүрлі өмірлік жағдайларда өз іс-әрекеттеріне сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз — балаларға қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қауіпсіздік сабағында бірқатар тақырыптарға баса назар аударылады.

Балабақшадағы ересек топ балалары үшін (4 жас):

Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін білу, шұғыл қызметке дұрыс қоңырау шалу, өзі туралы негізгі мәліметтерді есте сақтау, терезелерге байланысты қауіптерді ұғыну, сондай-ақ балалар алаңдарында, ойын орталықтары мен аттракциондарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыру.

Бастауыш сынып балалары үшін:

Су қоймасындағы қауіптер, есікті қағу кезінде қауіпті қалай тануға болады, бейтаныс адамдармен кездескенде қалай әрекет ету керек, мұз үстінде жүр қаупі, өзін-өзі қорғау, виртуалды достықтың қаупі және қаңғыбас иттер кезіккендегі сақтық шаралары.

Орта сынып балалары үшін:

Қауіпті челленджер тақырыптары бойынша сабақтар, бөтен адамның шақыруын қабылдамау, көшедегі қауіпті нысандардан (мысалы, субұрқақтар, электр қалқандары) аулақ жүру, кибербуллинг және одан қорғану тәсілдері, ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, интернеттегі қауіптер, сондай-ақ баланың құқықтары мен міндеттері.

Жоғары сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін:

Алаяқтардың алдауына түспеу және өздерін табыстың күмәнді түрлерінен қорғау, онлайн-ойындардың тәуекелдерінен сақтану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс эмоциялар мен сөздерге қатысты дұрыс әрекет ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, ата-аналарға сенім және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу ережелері.

Айта кетейік, сабақтар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жүргізіледі.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (5)

Хумора

Адалдық туралы мақалдар

Хумора

Абайдың өмірі туралы

Хумора

Абай

Хумора

Жоқ

Хумора

Мен 3 сыныпта оқимын

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар қауіпсіздік сабағы тақырыбындағы мақалалар оқушы тақырыбындағы мақалалар мектеп тақырыбындағы мақалалар білім тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді деген не?

Бұл бетте Оқушылар қауіпсіздік сабағында не үйренеді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.