Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі

Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Мектеп, ЖОО, цифрлық сауаттылық, білім бағдарламасы — осы тақырыптарға байланысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мектептер мен жоғары оқу орындарында цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасын енгізуді тапсырды.

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет. Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте, «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал биыл одан да көп адам қатысады.

Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керектігін айтты.

«Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді. Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс.

Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді», - деді Президент.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа мақалалар Мектеп тақырыбындағы мақалалар ЖОО тақырыбындағы мақалалар цифрлық сауаттылық тақырыбындағы мақалалар білім бағдарламасы тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі деген не?

Бұл бетте Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.