Өлеңдер Бөлімі

1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді — министр пікір білдірді

ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты.

«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», — деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.

«Білім беру процесі — ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», — деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (23)

Гульшат

Я против онлайн обучения

Айсулу

Я тоже против онлайн обучения

Сәнім

Мен де қарсымын,өйткені қызым 8 сыныпта оқиды түске дейін түстен кейінде отырады берген тапсырманы істегісі келіп көзінің асты үсті қап қара боп өзі ашуланшақ бұрын сөз қайтармайтын бір жолы жасаған ескертуіме былай деп жауап берді бәрінен шаршадым бәрің шаршаттың мынау не өмір бұл жерден көшейікші дегені е не болды шаршап құдай сақтасын не болды деп абдырап қалдым ой қойшы мама сыныптағы оқушыларды сағынып кеттім демесі бар ма. Солма бар болғаны дедім қашықтық сабақ құрысын дейді сыныпта менен басқа қатысып жатқан оқушы көрмедім дейді балаға ешкім үйреткен жоқ бір күні тегі ағыл тегіл жылады.

Сәнім

Мен де қарсымын

Айзада

Мен мүлдем қарсымын, нолевойга барған балалар не үйренді әрі қарай 1 сынып не үйренеды, арықарай осылай кете берсе қазақстан балалары мүлдем мақау боп шығады

Гулжазира

Мен де карысымын 1сынып окыйтын бала дәл апай сияқты тусундирип жеткизе де алмаймын киын болды

Арай

Баланың оку-оқымауы ата-ананың қадағалауына байланысты. Оқитын бала онлайн оқыса да оқиды. Үш балам бар оқушы. Сондықтан білемін.

Мадина

Менде қарсымын. Керек емес. Қызым телефон ға телміріп отырды. Алты -жеті сағат. Ұлым мүлдем кітап бетін ашқан жоқ. Білім жоқ ұрпақта қандай болашақ.

Гульшат

Кашыктыктан окытуга болмайды биз мугалимдерге сыкылды тусиндире алмаймыз робот ретинде окиды уйде тапсырма береди соны орындап апайга жиберемиз болды осыдан не тусинди бала ойланыздаршы биз кандай билим беремиз бол жылдам орында жибер апайга деген билим ба

Жанар

Мен карсымын, онлайнда оку мумкын емес, балдар одан мулде билим алмайды, особенно 1 и класс окушылары

Асылай

Менде карсымын кызым биыл 1-сынып бітірді ертенгі болашағы аландатады мені, не тусинет бала мектепте білім алса екен дұрыс шешім кабылданыздар кішкентай енді ғана окыйтын булдіршіндердің болашағын ойланыздар

Гулим

Мен қарсымын. Бала мүлдем кітап бетін ашпаиды. Телефон мен ноутбукке телмирип. Оиы тек сабакты битиру . Уиден шыкпаидф . Телефонга телмирип не болашақ мынау?

Анипа

Бұл жерде жалпы оқушыларға емес, үйде оқитын, ауа райына байланысты сабақ қалдырылған кезде деп тұр, бұл өте қолайлы болар еді, осындай жағдайларда

Альмира

Менде мулдем карсымын балдардын бари топас болатын болды

Роза

Менде қарсымын. 3 сынып Балам телефонға телміріп отырад куніге. Одан не оқу болды.

Светуля

Қарсымын.

Маржан

Карсымын, азаннан тунги 12 де сабакка карап әрең боламыз, ата-ана мугалим емеской,арнарсе өз орнымен.

Lunara

Өте қиын! Денсаулыққа зиян, әсіресе көзге,гиподинамия, аудандық мінез

Даметкен

Қарсымын сабақтары күрделі мұғалім сияқты түсіндіре алмаймыз. Қарсымын қарсымын қарсымын

Myrza

Өте керемет

гульназ

карантин болган ан кейин осындай болады неге карсысыздар сонда баланыз ауырсынба оте керемет сиздерге солай айтса жаксыма

Гуля

Карантин кезінде онлайн щқығандары дұрыс чем денсаулығына зиян келтіргенше
Бастысы денсаулық зор- байлық. Денсаулығы болмаса сабақты қалай меңгереді? Бұлда бір уақытша жағдай гой ! Ата аналар боп балдарымызға Мектеп ұжымына қолдау көрсетейік ағайын!!""

Гуля

Бұлда бір уақытша жағдай гой!! Ата аналар боп балдарымызға ,мектеп ұжымына қолдау көрсетейік сабырлықпен!!
Амалымыз жоқ бәріде балдарымыз үшін!!

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×