Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО)

Басты бет / Видео / Әлем жаңалықтары / Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО)

Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО) — Әлем жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Мәскеу, студент, қазақ тілі, ВИДЕО — осы тақырыптарға байланысты.

Ана тілімізде сөйлеген ресейлік жастардың бейнеролигі ғаламторды шарлап, көпшіліктің назарын өзіне аударған еді. Сөйтсек бұл студенттер қазақ тілін екінші шет тілі ретінде таңдаған және қазір осы пән бойынша соңғы емтихандарын тапсырып жатыр екен, деп хабарлады www.24.kz.

«24 KZ» арнасының тілшісі Дана Нұржанның айтуынша, бұлар Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студенттері екен. Биыл мұндағы 10 бірдей түлек қолына қазақ тілінің маманы деген диплом алмақ. Ал неге деген сұраққа аталған мамандарға сұраныс жоғары деген уәж айтылды. Яғни олар Қорғаныс немесе Сыртқы істер министрлігіне, болмаса ірі бизнес компанияларға жұмысқа тұра алады.

«Бұрын барлығы тек Еуропа мемлекеттерінің тілін меңгеруге құштар болды. Қазір ТМД елдерінің тілдеріне деген сұраныс артып келеді. Өйткені заманның ағымы және нарықтың талабы сондай. Сондықтан аптасына 8 сағатты таза қазақ тіліне арнаймыз», - деді ТМД елдері тілдерін үйрету орталығы директорының орынбасары Владимир Конев.

Бұл студенттердің барлығы дерлік қазақ тілін асқақ армандарына қол созу үшін таңдағанын айтады. Бұған қоса, олар тағы 2 шет тілін меңгеріп шығады.

Елизавета Осипова, университет түлегі:

 - Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей байланыстары өте тығыз. Мысалы Еуразия экономикалык одағы өте тез дамып жатыр.

Ксения Быкова, университет түлегі:

- Мемлекеттік салалардан басқа екі ел арасында бизнес байланысы да бар. Мен ойлаймын, сол себептен құрылымдардың өте үлкен болашағы бар.

Сонымен қатар бұл студенттер тәжірибені Қазақстанда, нақтырақ айсақ, Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен екен.

Анастасия Ткач, университет түлегі:

- Біздің тобымыздан бірінші күннен осы тілге ғашық болдық. Өйткені бұл өте әдемі тіл.

Анастасия Решетникова, университет түлегі:

- Біріншіден, қазақ халқының ашықтығы және мейірімділігі бізге қатты әсер етті. Әрине, Қазақстан өте әсем ел.

Бұл студенттер осы межемен тоқтап қалмақ емес. Алдағы жылдары магистратураға тапсырып, қазақ тіліндегі білімін одан сайын жетілдірмек. 

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын)

Анастасия кейбір қазақтардан да жақсы сөйлейді екен )

Kairat080

Жарайсыңдар, керемет 

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО) деген не?

Бұл бетте Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО) тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әлем жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мәскеулік студенттер неліктен қазақ тілін меңгере бастады? (ВИДЕО) материалы Әлем жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әлем жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Мәскеу тақырыбындағы материалдар студент тақырыбындағы материалдар қазақ тілі тақырыбындағы материалдар ВИДЕО тақырыбындағы материалдар