Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Видео / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары

Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — #желілер #коммуникация — осы тақырыптарға байланысты.

Соңғы жылдары TikTok, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде «brainrot» атты жаңа тренд пайда болды. Бұл – көбіне мағынасыз, күлкілі, тіпті кейде абсурдқа жақын видеолар. Көп адам мұндай контентке жай ғана күліп өте шығады. Бірақ бұл видеолардың артында не жатыр? «Brainrot» деген не? Бұл тек уақыт өткізуге арналған әзіл ме, әлде жастар санасына әсер ететін жаңа құбылыс па?

 

Brainrot дегеніміз не?

Ағылшынша «brain rot» сөзі тікелей аударғанда «мидың шіруі» дегенді білдіреді. Әлеуметтік желідегі мағынасы – тым көп, мағынасыз ақпараттар мен бейнелерді үздіксіз көру нәтижесінде адам миының шаршауы немесе ойлау қабілетінің төмендеуі. Brainrot видеолары көбінесе түсініксіз, кейде «ақымақтыққа» ұқсайтын әрекеттерден тұрады.

 

Жас жеткіншектер арасында бұл трендтің белең алуы қоғамда қауіпті резонанс тудырып келеді. Мән-мағынасыз, адам санасын улайтын бейнелер – әсіресе 5-12 жас аралығындағы балалардың ой-өрісін дамытуда үлкен қауіпке айналуда.Brainrot – жай әзіл емес, ол – қоғам дерті, сананың улануы.

Қандай шара қолдануымыз керек?

Әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok-та белгілі бір цензура қойылмағандықтан, ата-ана баланың нені көріп, нені үйреніп, не нәрсеге күліп отырғанынан хабардар болғаны абзал. Бала мен ата-ана арасында ашық диалог орнап, осындай мағынасыз бейнелерден аулақ болу керектігі айтылуы тиіс.

Саналы ұрпақ – болашақтың кепілі.

 Адам санасын қазіргі заманда лезде жаулау оңай. Ондай жағдай туындамас үшін миды қажытпай, үнемі қозғалыста, ізденісте жүру қажет. Пайдасыз, саны бар, сапасы жоқ дүниелерден аулақ болсақ және өскелең ұрпаққа соны насихаттасақ – басты міндетіміз орындалады.

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары деген не?

Бұл бетте Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа материалдар #желілер #коммуникация тақырыбындағы материалдар zhandarbekzhumabaev жариялаған басқа материалдар