Қазіргі заманда смартфон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде адамдар күнінің көп бөлігін осы құрылғымен өткізеді. Ол бізге үлкен мүмкіндік бергенімен, зияны да қатар жүреді.
Смартфонның пайдасы айқын:
1.Білім алуға мүмкіндік береді – онлайн сабақтар, түрлі платформалар арқылы кез келген ақпаратты оңай табуға болады.
2.Байланыс құралы – адамдармен тез хабарласып, ақпарат алмасуға көмектеседі.
3.Күнделікті өмірді жеңілдетеді – төлем жасау, карта қарау, жоспар құру сияқты қызметтерді атқарады.
Сонымен қатар, оның зиянды тұстары да бар:
1.Тәуелділік тудырады – адам уақытын бақылаусыз өткізіп алады.
2.Денсаулыққа зиян – көздің көруі нашарлап, ұйқы режимі бұзылады.
3.Зейінді төмендетеді – оқу мен жұмысқа көңіл бөлу қиындайды.
Смартфон – оны қалай қолданатынымызға байланысты. Дұрыс пайдалансаң – дос, ал шектен тыс қолдансаң – жау.
“Journivers” білім беру орталығының оқушысы: Жақсылық Аруна Сейдеханқызы
Модератор
Суретті дұрыс қосу керек немесе мүлдем қоспау керек.