“Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?”

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / “Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?”

“Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?” — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Әлеуметтік желі, интернет, медиа, цифрлық әлем — осы тақырыптарға байланысты.

   Қазіргі заманда әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Таңертең оянғаннан бастап, басы жастыққа тигенге дейін телефон қарау - көпшілік үшін қалыпты әдетке айналған. Instagram, TikTok сияқты платформаларда адамдар өмірінің ең қызықты, әдемі сәттерімен бөліседі. Бірақ осы виртуалды белсенділік артында шынайы бақыт жатыр ма, әлде тек соның алдамшы көрінісі ғана ма деген сұрақ туындайды. 

  Әлеуметтік желі - осы дәуірдің ең ықпалды құралдарының бірі. 2026 жылғы деректерге сүйенсек әлемде 5,4 млрд адам интернет желісінің тұрақты қолданушысы. Бұл дегеніміз интернет қолданушыларының саны жер бетіндегі халықтың 65-70% құрайды. Мұндай көрсеткіш әлеуметтік желінің қазіргі қоғамдағы орнын айқын көрсетеді. 

   Алайда, мұндай технологиялық жетістіктер адамдардың өмір сүру салтына үлкен өзгерістер әкелді. Қазіргі кезде адамдардың басым бөлігі уақытын онлайн кеңістікте өткізіп, шынайы өмірден гөрі виртуалды әлемді таңдайды. Бұл өз кезегінде қоғамға жаңа мәселелердің пайда болуына себеп болады.

   Психологтардың айтуынша, онлайн орта адамның шынайы өмір туралы түсінігіне де әсер етеді. Себебі, әлеуметтік желіде адамдар өз өмірінің тек жақсы жақтарын ғана көрсетеді. Соның нәтижесінде ”мінсіз өмір” бейнесі қалыптасады. Мұндай контентті жиі көрген адамдар өз өмірін басқалармен салыстырып бастайды. Бұл өзін жеткіліксіз сезінуге, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде адамдар өз жетістігін лайк пен пікір саны арқылы бағалауға үйренді. Әрбір лайк дофамин гормонының бөлінуіне себеп болып, адамға қысқа уақыттық қуаныш сыйлайды. Бірақ бұл әсер әлеуметтік желіге әуестенуді күшейтіп, сыртқы бағаға тәуелді болуын арттырады және адамның ішкі сенімділігіне кері әсер етеді. Нәтижесінде адам өзін үнемі басқалармен салыстырып, ешқашан өзіне көңілі толмауы мүмкін.

  Дегенмен, онлайн өмірдің пайдасы мен бізге берер мүмкіндіктерін жоққа шығара алмаймыз. Адамдар бір-бірімен алыстан сөйлесе алады, өз ойын еркін жеткізеді, жаңа ақпараттар алады. Әлеуметтік желілер арқылы біз жаңа достар табамыз, өзімізді көрсетеміз, тіпті үйден шықпай табыс табуға да мүмкіндіктер бар. Әсіресе қазіргі жастар үшін, интернет - өзін танытудың басты алаңы.

   Қорытындылай келе, әлеуметтік желі - екі қыры бар құрал. Бір жағынан бізге мүмкіндік беріп, әлеммен байланыстыра отырып, екінші жағынан адамды шынайы өмірден алыстатып, өз-өзіне деген көзқарасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік желілерді толықтай жақсы немесе жаман деп қарастыру дұрыс емес. Ең маңыздысы - онлайн әлем мен шынайы өмірдің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу. Яғни екеуінде орнымен пайдаланып, бірін екіншісінен жоғары қоймау.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

“Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?” деген не?

Бұл бетте “Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?” тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

“Экран артындағы өмір: шындық па, әлде иллюзия ма?” материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Әлеуметтік желі тақырыбындағы материалдар интернет тақырыбындағы материалдар медиа тақырыбындағы материалдар цифрлық әлем тақырыбындағы материалдар журналистика тақырыбындағы материалдар ақпараттық кеңістік тақырыбындағы материалдар Shigwsi жариялаған басқа материалдар