Өлең, жыр, ақындар

Өскемендегі «Назарбаев мектебінің» түлегі Оңтүстік Корея оқу орындарының бірі тағайындаған грантқа ие болды

Аяужан Ахмадиева  Сеул Ұлттық университетіне ресми шақырту алды. Ол «Бизнес-басқару» мамандығын игереді, деді Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажина.

Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі бұл ЖОО-да білім алуды 9-сыныптан армандаған.

Аяужан Ахмадиева Корея Үкіметінің гранты байқауына қатысты. Бірінші кезеңде өзі туралы айтып, мінездеме хаттар мен грамоталарын ұсынды. Екінші кезеңде комиссия онымен сұхбат өткізді. Үшінші кезеңде оның құжаттарын Кореяның ЖОО-лары қарастырды.  

Аяужан химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебін 2015 жылы «Алтын белгімен» аяқтаған. Шақырту алғанға дейін Назарбаев Университетінде оқыған. 

Сеулдегі оқуына Аяужан 1 наурызда кіріспек. Шақырушы тарап - Корея Үкіметі ұшу, тұру, білім алу және шәкіртақымен қамту шығындарын мойнына алады.

ЖОО-да сабақ ағылшын тілінде жүреді. Аяужан IELTS халықаралық емтиханында 6,5 ұпайға ие болған. Оқу талаптары бойынша ол бірінші жылы корей тілін меңгереді.  

Сеул Ұлттық университеті - Кореядағы ірі және ең белгілі университет. Ол әлемдегі үздік 50 ЖОО-ның қатарында. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар