Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңа бағдарламасы шет тілдерін оқытудың негізгі қағидаларынан тұрады.
Бұл туралы педагогикалық ғылым докторы, қазақ тілді емес мектептердің оқушыларына арналған оқулық авторларының жетекшісі Фаузия Оразбаева Қазақстанда үш тілді білім беруді енгізуге арналған халықыралық конференцияда мәлімдеді.
Ол оқытудың жаңа бағдарламасы эксперименттік режимде 2015-2016 оқу жылынан бастап жұмыс жасайтынын және еліміздің 41 мектебінде енгізілгенін айтып өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Біз қазақ тілін 1-сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін деңгейлі оқытуды әзірледік. Ол оқулықтан ғана емес, сонымен қатар әдістемелік кешеннен тұрады: негізгі оқулық, мұғалімге арналған кітап, дидактикалық материал, лексикалық минимум сөздігі және жазуға арналған кітап. Неізігі әдістеме - коммуникативтік, когнитивтік оқыту, ол тек қана сөйлеуді ғана емес, сондай-ақ өз ойын сауатты жеткізуді және сауатты жазуды үйретеді. Әр оқушыға қызықты болуы үшін деңгейлі оқыту әр сынып оқушысының психологиясына арнап жасалған», - деді Ф.Оразбаева.
Оқу басылымдары авторының айтуынша, жаңа оқулықтар шет тілдерін оқыту қағидаларына негізділген.
«Егер эксперимент жақсы өтсе, келесі қыркүйекте (2016 жылы) осы оқулықты енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
«Бұл 1-сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқулық коммуникативтік сөйлеу бойынша материал береді. Грамматика аз, ол сөйлеуге және жазуға қызмет етеді. Суреттер мен шығармашылық тапсырмалардан құралған. Оқулықты мектептерде енгізу оқушыларға, ата-аналарға, мектептерге байланысты. Қазір бәсекелестік, кімге қандай оқулық ұнаса, соны алады. Ақыр соңында бұл оқулық жеңеді деп ойлаймын», - деген пікірімен бөлісті Ф.Оразбаева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі