ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік бюджетке салынатын салмақты азайтулары тиіс деп санайды.
Біздің міндетіміз, Үкіметтің мақсаты - институттар, университеттер біздің елімізге және экономикамызға барынша тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ олардың мейлінше коммерциялануына қол жеткізіп, мемлекеттік бюджетке салынатын салмағын азайту. Солай әділ болар еді. Мемлекет бұл мәселеде заң шығарушы, ол реттеуші, мамандарды қай бағытта даярлау қажеттігін көрсетіп тұратын сілтеуші ғана. Мемлекет гранттар, ваучерлар арқылы нарықтағы еңбек нарығын қажетті бағытта бұрып отырады. Қалғанының барлығы - ЖОО-ның қолында», - деді ол бүгін Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетіне жасаған сапары кезінде.
«Біз бой түзеп келе жатқан Батыс университеттеріндегі автономия, бұл - қаржылық басқару, бюджет, оқу орындарын дамыту үшін басымдықтарды таңдау саласындағы өте айқын және ашық, демократиялық басқару жүйесі болып табылады. Яғни елдегі ғана емес, жаһандағы экономикалық процестердің нақты үйлесімін тауып отыру шарт. Оның үстіне мұндай университеттердің бюджеті негізінен мемлекеттік емес көздерден қалыптасады. Бұл меніңше, басты шарт. Әсіресе біздің жағдайымызда», - деді Д.Назарбаева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі