Шетелдіктердің білім жүйесі, білім әдістемесі туралы пікірлеріне тым еліктеудің қажеті жоқ. Академик Асқар Жұмаділдаев осылай мәлімдеді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Оның айтуынша, Қазақстанда білімнің көп саласы дамымаған. Оған біздің мүмкіншіліктеріміздің аздығы басты себеп. Сондықтан халыққа, экономикаға қажет білім салаларын дамыту керек, тіпті ғылымға қаржы құю механизмін өзгерту керек.
Шетелдік тәжірибені үйренер алдында көп жағдайда ұлттық ерекшелік пен еліміздің қажеттіліктері ескеріле бермейтіндігін ғалым баса айтты.
«Оны дамыту мүмкін емес. Бірақ дегенмен шетел айтты екен деп, артынан жүре бергеніміз дұрыс емес. Өйткені ең алдымен біз қазаққа не керек, соны ұғып алуымыз қажет. Бізге қандай ғылым керек? Қандай бағыт? Қандай технология керек бізге? Сондықтан анау айтты, мынау айтты екен деуге болмайды», — деді академик Асқар Жұмаділдаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сагыныш
Иа, галым аганын пикирине келисем. Кайнауы коп керек улкен маселе бул! Билим - болашак урпактын каруы. Дурыс берилуи керек! Бул -асыгыс шешим!
Казакбай
Толыктай келiсем. Шетелдiн бiлiм жуйесiне асыкпаган жон..
Акбөпе
Тооықтай келісемін.байғұс балаларды əбден қинап бітті.онсыз да өтіліп жатқан программалар қиын.қазақ тілін жоғарыдағылар меңгерамай жатып кшкентай балаларды қинап неге жүктейді береді екен.оданда қазақ тіліне мəн берсе екен.басқа тіл қашпас
Гули
Менде карсымын. Биз еликтегиш халыкпыз. Озгертсе балалар билимди болады деп ойлау улкен кате. Отинем сол бурынгы билим жуйесинде калсыншы
Асем
Келисем. Арбир келген министр ойланбастан тезарада озгерис енгизуге неге кумар екен. Министр болган тури ма. Кайдан келген ози. Дал билим саласына салмакты бир нагыз адам табылмады ма
Қуат
Бұл əрекет біздің тіліміздің мəдениетіміздің басты күні тамызына жалда шаппақ
Марат
Ел даму үшін ең алдымен корупциядан құтылу керек. ЭКОНОМИКАНЫ дамыту керек. Ағылшын тілінде оқып кетсек дамып кетеміз деген нəрсе жоқ. Онда толығымен ҚАЗАҚ тіліннен ОТКАЗ жасап ағылшын тіліне көшейік. Дамығанның көкесін көріп қалармыз (Сағадиев мырзаға сенсек) Мәселе қай тілде оқығанында емес, қалай оқытқанында болса керек. Әне, нигериялықтар да аңғылшынша оқид кен. Өзім ҚТЛ- бітірдім сабақтың басым бөлігі ағылшын тілінде өтетін. ҚТЛ түлектерінің 80-90 % мəңгүрт. Қысқасы ағылшын тілінде емес мәселе оқыту жүйесінде. Қазақ тілі бай тіл деп айтамыз. Өзіміз неге соған сенбейміз? Қазақ тілінде де өте сапалы білім иесі болуға болады.
boztorgai
Тауық сойса да да қасап сойсын.
Білімді білімділер басқарсынЩ
АРЛАН
ДУРЫС АИТАСЫН БОЗТОРҒАЙ
Лаура
Абай айтқандай:" Білімдіден шыққан сөз
Талаптарына болсын кез..
Нарын, сырын ұғатын
Көкірегінде болсын көз, -дегендей ғалым ағамыздың сөзі министрдің санасына жетсе екен.
Аягоз
Балаларымнын болашагына аландаймын.булынгыр бари.ойына келгенди жасап жатыр. Кудай акырын берсин!!!
Нурлан
Қазақ тілінде толық фундаментальді , яғни уақыт өте ескірмейтін білім ала алмай жатып ,қалай шет тілінде білім алмақпыз . Ең дұрысы Әл-Фараби атамыз сияқты Аристотель еңбектерін аударғаны секілді шетелдік маңызды кітаптарды ана тілімізге аударумен айналысқан жөн , меніңше
Нурлан
Қазаққа қазақ жақпайды , ешкім жақпайды. Билікке келсе , мін іздеп сын айтамыз . Көре алмаушылық басым .
Қазақ
Жоғарыға өңшей санасыз шала қазақтар отырып алған, оларды түп тамырымен құрту керек, әйтпесе құрт сияқты ҚАЗАҚТЫҢ өзегін кеміріп бітті. ......
Казак кызы
Маселе мин издеп сын айтканда емес.Биз оз ултымызды жогалтып жатырмыз.Агылшын тили барлыгына кажет емес.Керек адам косымша окиды.Толыктай карсымын!
.......
Асқар ағамз өте дұрыс айтады.
Gulzira
Осы Асқар Жұмаділдаев ағамызды министр етіп қою керек. Ғылымның майын ішкен, ауыл топырағынан нәр алған, ұлтына жаны ашитын нағыз жанашыр азамат! Шетелді де көрген, Қазақстанның білім саласынан да көп хабары бар. Мына Сагадиев деген жанарын көзілдірік сорып тастаған ба, көзінің нұры жоқ қой?!