Іле ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасымен екі мектеп салынуда. Жәпек батыр ауылы мен Боралдай кентіндегі бұл заманауи білім нысандары аталған елді мекендердегі үш ауысыммен оқу мәселесін шешуге ықпал етпек.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Боралдай кентіндегі мектеп 600 орынға лайықталған, бүгінгі күнге ғимарат аяқталуға жақын. Жұмыс кестеге сай жүргізілуде, мектеп ғимаратын жаңа оқу жылына дейін бітіру жоспарланып отыр.
Жәпек батыр ауылында салынып жатқан мектеп те 600 орынды. Мұнда да құрылысшылар белгіленген мерзімге жұмысты аяқтаймыз деп отыр.
Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұржановтың айтуынша, жалпы аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың құрылысы биылғы жылдың маусым айында басталады. Сөйтіп, мектеп жетіспеушілігінің қиындығын көріп отырған тағы жеті елді мекеннің балалары үшін келесі жылы жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Сонымен қатар білім саласы нысандарымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауданда екі 50 пәтерлік жалға берілетін үй салынуда.
Жалпы, Алматы облысында 43 жаңа мектептің құрылысын жүргізудің нәтижесінде 2016-2017 жылдары үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілетін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі