Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Назарбаев Университетінде өткен «Зияткер Қазақстан» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік танымал ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, ғылым саласындағы қазақстандық сарапшылар қатысты.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық ғылымның әлеуетін өсіруге айрықша мән беретіндігін атап өтті. «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттер экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын құрумен байланысты. Жаңа технологиялық деңгейге шығу үшін экономиканың әрбір саласы инновациялық қадамдарды қажет етеді.
Г. Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «білімнің үш бұрышы» - білім, зерттеу және инновация экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын дамытуда негізгі рөл атқаратынын ұдайы тоқталатынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы бүкіл әлемде жаһандық бәсекелестікті құрайтын жоғары білікті мамандарға және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, жаңа технологияларға деген сұраныстың бар екеніне баса назар аударды.
Мемлекеттік хатшы 2010 жылдан бастап Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабылеттілік индексі бойынша өз позициясын жақсартқанын айтты. Айталық, 2015 жылы «Инновациялық әлеует» көрсеткіші бойынша 31 позицияға (140 елдің ішінде 112 орыннан 81 орынға), ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы бойынша инновацияда 29 позицияға (140 елдің ішінде 101 орыннан 72 орынға), ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік көрсеткіші бойынша 21 позицияға (140 елдің ішінде 91 орыннан 70 орынға) көтерілгендігі аталады.
Дөңгелек үстел барысында үш панельдік сессия өтті, онда отандық ғылымды одан әрі дамыту және қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерін ілгерілетудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мемлекеттік хатшы зерттеудің ішкі ресурстарын дамытудың маңыздылығына, шет елден ғалымдарды, соның ішінде шет елде ғылыми жұмыстарымен танымал қазақстандық ғалымдарды белсенді тарту қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Бүгінде Қазақстанда ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер - хайтек-парк Назарбаев университетіндегі «Астана бизнес кампус» және Алматыда «Алатау» технопаркі құрылды. Нақты өндірістік жобаларды іске асыру үшін кластерлер базасында жоғары технологиялық компаниялар, соның ішінде шетелдік компаниялар тартылатын болады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға қазақстандық ғылымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі