Биыл жоғары оқу орындарына 32 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Биыл 31 702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды. Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант - педагогикалық, 2 690 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант - медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр», - деді Е. Сағадиев.
Министрлік мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО-лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында оқу гранттары 87 ЖОО-ға бөлінді. Өткен жылы 64 оқу орны қамтылған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі